9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті

Сағыныш Сардарова 21 там. 2025 09:55

Елде 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, елімізде ауқымды жөндеу науқаны жүзеге асырылып жатыр. Биыл 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

"Бұл жұмыс нәтиже берді. ЖЭО-ның орташа тозуы ел бойынша 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға, 3 ЖЭО сарыдан жасыл аймаққа көшті", - деді Ерлан Ақкенженов.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар