HUAWEI компаниясы Қазақстанда жаңа HUAWEI nova 15 Max смартфонының сатылымы басталғанын хабарлады. Қуаты 8500 мАсағ батареямен, үлкен OLED-дисплейменжәне RYYB технологиясындағы камерамен жабдықталған жаңа құрылғы автономдылықты, контентті ыңғайлы тұтынуды және күнделікті өмірде смартфонның заманауи мүмкіндіктерін жоғары бағалайтын пайдаланушыларға арналған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қайта қуаттаусыз екі күнге дейін жұмыс
HUAWEI nova 15 Max смартфонының басты ерекшеліктерінің бірі - 8500 мАсағ сыйымдылығы жоғары батареясы. Бұл смартфондар сегментіндегі ең үлкен батареялардың бірі саналады. Мобильді қосымшалар, әлеуметтік желілер, навигация, бейне және мессенджерлерді пайдалану көлемі артқан сайын автономдылық құрылғы таңдаудағы негізгі факторлардың біріне айналып отыр.
Өндіруші мәліметінше, смартфон:
- 48 сағатқа дейін сөйлесу уақытын;
- 27 сағатқа дейін жергілікті видеоны ойнатуды;
- 25 сағатқа дейін навигация жұмысын қамтамасыз етеді.
Осындай қуат қоры құрылғыны күні бойы қуат көзін іздемей-ақ ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Контент пен күнделікті міндеттерге арналған үлкен OLED-экран
HUAWEI nova 15 Max 120 Гц жаңарту жиілігі және 4000 нитке дейінгі ең жоғары жарықтылығы бар 6,84 дюймдік OLED-дисплеймен жабдықталған. Экран бейненің бірқалыпты көрсетілуін қамтамасыз етіп, тіпті күн сәулесі қатты түскен жағдайда да пайдалануға ыңғайлы.
Үлкен дисплей видео көруге, құжаттармен жұмыс істеуге, кітап оқуға, мобильді ойындар ойнауға және әлеуметтік желілерді пайдалануға ерекше қолайлы.
Күрделі жарықта түсіруге арналған RYYB камерасы
Смартфон жарықты көбірек қабылдауға көмектесетін RYYB технологиясындағы 50 мегапиксельді камерамен жабдықталған. Бұл әсіресе кешкі уақытта немесе жарық жеткіліксіз бөлмелерде фото және видео түсіру кезінде маңызды.
HUAWEI мобильді фотосурет мүмкіндіктерін дамытуды жалғастырып, сапалы түсірілімді тек премиум сегментте ғана емес, кең аудитория үшін де қолжетімді етіп келеді.
Мүмкіндіктер мен бағаның үйлесімі
Смартфон бағасының өсіп жатқан жағдайында HUAWEI nova 15 Max заманауи технологиялар мен қолжетімді бағаның үйлесіміне басымдық береді. Құрылғы сыйымды батареяны, үлкен экранды және камераның кеңейтілген мүмкіндіктерін көпшілік үшін тартымды баға сегментінде ұсынады.
Пайдаланушыларға HUAWEI-дің ресми қосымшалар дүкені AppGallery де қолжетімді. Онда жұмысқа, байланысқа, ойын-сауыққа және күнделікті міндеттерге арналған миллионнан астам қосымша ұсынылған.

HUAWEI экожүйесінің жаңа құрылғылары
Смартфонмен қатар компания Қазақстанда жаңа HUAWEI WATCH FIT 5 Series және WATCH GT Runner 2 смарт-сағаттарын да таныстырды.
WATCH FIT 5 Series жаңартылған AMOLED-дисплейге, денсаулық мониторингі функцияларының жетілдірілген жүйесіне және «Мини-жаттығулар» атты жаңа сценарийлерге ие болды. Бұл қысқа белсенділік режимдері тығыз жұмыс кестесінде де физикалық белсенділікті сақтауға көмектеседі.
Ал WATCH GT Runner 2 спортпен және жүгірумен белсенді айналысатын пайдаланушыларға бағытталған. Сағат екі диапазонды GPS жүйесін, кеңейтілген спорттық аналитиканы және пайдаланушы көрсеткіштері негізінде жаттығу процесін жоспарлауға көмектесетін Intelligent Marathon Mode режимін қолдайды.
HUAWEI құрылғыларының бірыңғай экожүйесі
Ұсынылған барлық жаңа құрылғылар HUAWEI экожүйесіне интеграцияны қолдайды және күнделікті сценарийлер аясында бірлесіп жұмыс істеуге арналған.
Пайдаланушыларға AppGallery HUAWEI-дің ресми қосымшалар дүкені де қолжетімді. Онда жұмысқа, байланысқа, ойын-сауыққа және күнделікті міндеттерге арналған миллионнан астам қосымша ұсынылған.
Қазақстанда құрылғылар Kaspi платформасындағы брендтің ресми дүкенінде және ресми серіктестерде арнайы бағамен сатылымда:
- HUAWEI nova 15 Max — 149 990 теңгеден бастап;
- HUAWEI WATCH GT Runner 2 — 149 990 теңгеден бастап;
- HUAWEI WATCH FIT 5 Series — 69 990 теңгеден бастап.