85 млн теңге: Антикор Жетісу футбол клубының директоры ұсталуына қатысты мән-жайды айтты

Сағыныш Сардарова 04 мау. 2024 09:38 362829

Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Антикор мән-жайды жария етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі.

Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.

Тергеу жалғасып жатыр.

Антикор Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар