«7 процент, 25 жылға». Назарбаев жаңа ипотека туралы айтты

Dalanews 05 нау. 2018 06:59 847

Ел президенті халықты баспаналы етудің жаңа жолын айтты. Ол «7-20-25» деген жаңа бағдарламаны ұсынды, дейді Tengrinews.kz.

"Өткен жылы 11,2 миллион шаршы метр баспана қолданысқа берілдіБұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Бірақ сонда да халыққа баспана жетпей жатыр. Талай отбасы әлі де үйсіз жүр", — деген Назарбаев «7-20-25» деген бағдарлама ұсынды.

"Мен «7-20-25» деген бағдарламаны іске қосуды ұсынамынСонда жұмыс істейтін әрбір қазақстандық ипотекалық несие ала алады. Талабы мынадай:
несие бойынша сыйақы ставкасы қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайдыҚазір банктер бастапқы жарнаға 30 пайызға дейін алса, осы бағдарлама бойынша алдын-ала жарна 20 пайыздан аспайтын боладыАл несие мерзімі 10-15 жыл емес, 25 жылға бірақ созылсын. Сонда ай сайынғы төлемдер аз болады",

— деп түсіндірді президент Назарбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар