6 жылға сотталған айтыскер ақын Әнуар Омаровтың жазасы өзгерді

Көркем Алдабергенова 13 там. 2024 11:09 2004

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омаров сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омаровқа қатысты үкім шығарды.

Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Омаров бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Әнуар Омаровқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар