519 медициналық мекеме тексеріліп, медицина қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды

Сағыныш Сардарова 29 қыр. 2025 09:13

22-26 қыркүйек аралығында ел аумағында есірткі, психотроп заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ, уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған "Дәрмек" іс-шарасы өткізілген. ІІМ қандай заңбұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Есірткі айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

"Заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек және қосарлы мақсаттағы тауарларға жататын 80 тонна уытты зат тәркіленді. Медицина саласында әкімшілік заңнаманы бұзудың 190-нан дерегі фактісі тіркелді. 202 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналып, құрамында есірткі бар 40 мыңдай таблетка, 290 мың психотроп таблетка және 236 мың ампула тәркіленді. Республика бойынша барлығы 519 медициналық мекеме тексерілді", - деді ІІМ өкілдері.

Шығыс Қазақстан облысында бір ЖШС-де күшті әсер ететін дәрілік заттар рецептісіз сатылғаны тіркелді. "Прегабалин", "Зоника" және "Алиса" дәрілерінен 35 мыңнан аса таблетка тәркіленді.

Қарағанды облысында Астанадан Қарағандыға бағыт алған көлікті тексеру кезінде жалпы құны 240 мың теңгеден асатын "Тропикамид", "Прегабалин" және "Медазепам" препараттарының 82 қаптамасы тәркіленді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар