500 мың теңгенің сертификаты: Павлодарда жас маманды қолдайтын жоба жасалды

Dalanews 09 сәу. 2019 19:24 902

ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен «SENIM» салалық кәсіподағы ауылдардағы жас мамандар үшін сертификаттар бекітті. 

«Облыстық және аудандық  медициналық ұйымдарда сұранысқа ие жас мамандарды қолдау мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясы «SENIM» салалық кәсіподағымен бірлесіп, қосымша ынталандырушы төлем ретінде 500 000 теңге көлеміндегі сертификаттарды тағайындады», - деп хабарлады бүгін журналистерге «Павлодар облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі.

Бұл сертификаттарды алғысы келетін үміткерлер біріншілік кәсіподақ ұйымдарына өтініш береді.

Кейін «SENIM» кәсіподағының облыстық атқару комитеті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бірлескен отырысында шешім қабылданып, үміткерлер іріктеледі, деп атап өтті орталықта.

Қаражат иегерімен келісім жасалып, жас маман медициналық мекемеде кем дегенде 2 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.

«Қазіргі уақытта бұл сертификаттарды 36 маман иеленді. Р Кәсіподақтар федерациясы мен «SENIM» салалық кәсіподағы жоспарлаған алдағы жастар форумдарында тағы 30 сертификат табысталады», - деді Павлодар облысы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі.

Жыл соңына дейін 40 миллион теңгеге 80 сертификат беру жоспарланып отыр.

Дереккөз: inform.kz 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар