"Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және бюджеттің 50 млн тенгеден астам қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалады. Сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген күдікті Грузияда анықталып, ұсталды.
Грузиялық әріпстермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізді", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.
"Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", - деп нақтылады бас прокуратурадан.