420 мыңнан астам тұрғын медициналық көмексіз қалуы мүмкін

Dalanews 04 там. 2017 06:14 736



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысына барып, жаңа әлеуметтік бағдарламаның жұмысы жайында түсіндірді. Олар бұл аймақта 400 мыңнан астам тұрғын тегін медициналық көмектен айырылуы мүмкін екенін айтады. Жергілікті билік мұндай қауіптің барын мойындайды.





Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері 28 шілдеден 2 тамыз аралығында Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы аудандары мен Шымкент және Түркістан қалаларында болып, жергілікті тұрғындарға 2018 жылдан бері енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасымен таныстырды. Сонымен бірге елде жеке кәсіпті жаппай дамыту жөнінде де кеңес берді.

Сапардың қорытындысы бойынша еңбек вице-министрі Біржан Бидайбердіұлы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 423 мың 410 тұрғынның әлі күнге дейін мәртебесі анықталмағанын айтады.

"Егер олардың 33 мыңы жұмыссыз болса, қалғандары өздерін жұмыспен қамтамасыз етушілер," – деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова егер аталған азаматтардың мәртебесі анықталмаса, олар тегін медициналық көмектен айырылуы мүмкін дейді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар