42 500 теңге тағы төлене ме? Министр Нұрымбетов жауап берді

Dalanews 26 мау. 2020 05:47 939

Үкімет азаматтарды қолдауға арналған 42 500 теңге төлемін бизнеске жасалатын салық жеңілдіктерімен алмастырды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге қарастырылып, уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды қолдауға бағытталды, оның күші 11 мамырда жойылды. Қазір демалыс күндері карантин енгізілуде, бірақ ол үнемі қолданылмайды деп ойлаймын. Қазір елдегі жағдай санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан қиын екенін тағы да атап өткім келеді. Азаматтар санитарлық талаптарды мүлдем сақтамайды, әлеуметтік қашықтықты ұстанбайды. Сондықтан бүгіндері жұмыс істейтін азаматтарға зиян келтірмес үшін жұмыс күндері ақша табуға мүмкіндігі болатындай етіп, тек демалыс күндеріне карантин қатаң түрде қойылады", - деді ол.

Сонымен бірге, ол бизнестегілер үшін "демалыс күндергі" карантин үшін қандай-да бір өтемақы қарастырылуы керек деп атап өтті. Оның айтуынша, үкімет пандемияға байланысты кез-келген сценарий бойынша бизнес пен қарапайым адамдарды қолдау үшін дайын.

- Үкімет қазан айына дейін "0" коэффициентін қолдана отырып, түрлі салықтардан, міндетті төлемдерден босату сияқты бірқатар шараларды қабылдады. Бірқатар салықтық жеңілдіктер қабылданды, салықтар мен несиелерді кейінге шегеру шаралары қарастырылған. Жалпы, Мемлекеттік комиссияның отырысында бизнесті қалыпты жұмыс істеу, жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың кірістерін қамтамасыз ету тұрғысынан қолдау, оның ішінде айналым капиталы мен инвестициялық мақсаттар үшін ШОБ-қа жеңілдетілген несие беру тұрғысынан 43 жүйелі шаралар қарастырылды. Осыған байланысты үкіметтің экономикалық блогы өте белсенді жұмыс істеп жатыр, - деп толықтырды сөзін Нұрмыбетов.

Ол сонымен қатар адамдардың қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуіне байланысты 42 500 теңге өтемақы төленбейтінін айтты. Себебі - Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығы.


- 42 500 өтемақысы бойынша бюджеттен арнайы қаражат қарастырылған жоқ. Бұл ретте Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорындағы ақша пайдаланылды. Онда да ондағы активтерді, яғни инвестициялануға тиісті бағалы қағаздар, қаржы құралдарын сату арқылы түскен ақша. Бұл ретте Ұлттық банк бізге өте жақсы көмектесті, ол қаржы құралдарын сатып, өткізіп, қажетті қаражаттармен қамтамасыз етті. Нәтижесінде, Әлеуметтік сақтандыру қоры активіндегі 322 миллиард теңге жұмсалды. 42 500 мың теңгеден 4 млн 607 мың алды, - деген ол Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндіктері шектеулі болғанын айтты.

Оның айтуынша, егер елімізде белгілі бір төлемдер енгізу қажет болса, онда ол енді басқа бағыттардан қарастырылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар