Ақтауда электр желісіндегі апат салдарынан қаланың бірнеше ықшамауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Ақтау электр желілерін басқару» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, электр энергиясы 14, 15, 16, 28, 29, 30-ықшамаудандарда және «Толқын-1» шағынауданында уақытша өшкен.
Қазір апаттық бригадалар зақымданған учаскелерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, электрмен жабдықтауды қайта қосу үшін жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бұл – Батыс Қазақстан өңірлерінде соңғы күндері тіркелген алғашқы жағдай емес. 28 шілдеде Атырау қаласының бір бөлігінде де электр қуаты уақытша өшкен болатын. Ол кезде Маңғыстау облысы бағытына электр ағынының шамадан тыс артуына байланысты автоматты қорғаныс жүйесі іске қосылған.
Мамандар мұндай жоғары жүктеменің басты себебі өңірде бірнеше күннен бері сақталып тұрған 40 градустан асатын аптап ыстық екенін атап өтті. Электр желілеріне түсетін салмақтың артуы тұтынудың күрт көбеюімен байланысты.