31 қазанда ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 31 қаз. 2025 07:31

Синоптиктер 31 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

31 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында 2 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 2 градус үсік күтіледі.

31 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

31 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 31 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар