29 шілдеде жеті партияның өкілдері ұлттық теледебатқа қатысады

29 шілдеде жеті партияның өкілдері ұлттық теледебатқа қатысады
gov.kz

29 шілдеде кешке Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінде депутаттарды сайлар алдындағы ұлттық теледебат өтеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұйымдастырушылар тікелей эфирде жеті саяси партияның атынан қатысатын өкілдердің тізімін жариялады. Теледебатқа:

  • "Әділет" партиясынан - Ренат Бектұров;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан - Тазабек Самбетбай;
  • "Байтақ" партиясынан - Нұргүл Қадырбаева;
  • Қазақстан Халық партиясынан - Сұңқар Ислам;
  • "Ауыл" партиясынан - Серік Егізбаев;
  • "Ақ жол" партиясынан - Олжас Нұралдинов;
  • Respublica партиясынан - Екатерина Смолякова қатысады.

Теледебаттың тақырыбы - "Қазақстанның болашағы - адами капитал".

Эфир барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, елді дамытудың басым бағыттары бойынша ұстанымдарын ортаға салмақ.