2,6 млрд теңгенің акциясы мемлекет меншігіне қайтарылды

Сағыныш Сардарова 02 шіл. 2025 12:49

2,6 млрд теңгенің акциясы мемлекет меншігіне қайтарылды. Прокуратура мән-жайды айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы прокуратурасы құны 2,6 млрд теңге тұратын "Баспалар үйі" АҚ 100% акциясын мемлекет меншігіне қайтарды.

2016 жылы бұрынғы Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі болған құны 2,6 млрд теңгенің акциясын жеке тұлға арзандатылған бағамен заңсыз жекешелендіріп алған.

"Мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді. Апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар