2026 жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қаракөз Амантай 02 қаң. 2026 11:00

Биылдан бастап "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң күшіне енді.Qz Economy.Талдау телеграм арнасы жаңа Салық кодексіне шолу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Есептік көрсеткіштер шамамен 10%-ға артты. Бұл зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің өсуіне әсер етті.

АЕК — 4 325 тг

Күнкөріс минимумы — 50 851 тг

Ең төменгі зейнетақы — 69 049 тг

Бала тууға байланысты төлемдер

1–3-бала туған кезде — 149 416 тг → 164 350 тг

4-және одан да көп бала туған кезде — 247 716 тг → 272 475 тг

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы

4 балаға — 63 030 тг → 69 330 тг

10 балаға — 157 280 тг → 173 000 тг

Мүгедектігі бар азаматтарға төлемдер

І топ — 101 702 тг → 111 872 тг

ІІ топ — 81 362 тг → 89 498 тг

ІІІ топ — 55 474 тг → 61 021 тг

Жаңа Салық кодексі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға өседі.

Сонымен қатар:

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі

15 млн тг → 40 млн тг болып ұлғаяды.

ҚҚС-тан босатылатындар қатарында:

тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміндегі қызметтер

МӘМС аясындағы қызметтер

отандық кітап басылымдары және баспа өндірісі

Корпоративтік табыс салығы (КТС)

Негізгі мөлшерлеме — 20%.

Алайда дифференцияланған ставкалар енгізіледі:

25% — банктер мен ойын бизнесі

(бизнесті кредиттеуді қоспағанда)

5% — әлеуметтік сала ұйымдарына

2027 жылы 10% болады

3% — ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне

Сонымен қатар елде прогрессивті ЖТС мөлшерлемелері енгізіледі.

Көлік салығы

Жеңіл автомобильдерге пайдалану мерзіміне қарай

төмендетілген коэффициенттер қолданылады:

10–20 жыл — коэффициент 0,7

20 жылдан аса — коэффициент 0,5

Салықтан босатылады:

ардагерлер

мемлекеттік марапаттары бар азаматтар

көпбалалы аналар

мүгедектігі бар тұлғалар

Жеңілдік қозғалтқыш көлемі 4000 см³-тен асатын автомобильдерге қолданылмайды, егер олар 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін басқа тұлға атына қайта рәсімделген болса.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар