2026 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды сатып алу көлемі артады

Асель Қайратқызы 20 қар. 2025 11:29

2026 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды сатып алу көлемі 7,2%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2026 жылдан бастап жалпы қажеттілік 567 млрд теңгеден асады.Осы қажеттілікті орындау үшін мемлекеттік сатып алу компаниясы «СК-Фармация» 2000-нан астам дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды сатып алады, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 7,2% артық.

Сонымен қатар, сатып алу процесі халықаралық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады: БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және STOP TB. Халықаралық институттар арқылы сатып алынатын позициялар саны 23-тен 43-ке дейін, яғни 87%-ға өскен. Министрлік бұл механизмнің артықшылығы ретінде әлемдік нарықтағы бәсекелестік бағалар арқылы едәуір үнемдеу мүмкіндігін атап өтті. Үнемделген қаражат науқастарға қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Сатып алынған дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың қоймаларға жеткізілуі биылғы жылдың желтоқсан айында, ал медициналық ұйымдарға жеткізілуі 2026 жылдың қаңтарынан басталатын болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар