Астанада 2026 жылдың қай айынан бастап тариф қымбаттайды?

Dalanews 19 жел. 2025 07:37

Табиғи монополияларды реттеу департаменті коммуналдық тарифтерді көтеруге байланысты өтінімдерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Қазір елімізде коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий қолданылады, ол 2026 жылдың сәуір айында аяқталады.

Kazinform.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шектеулер келесі жылдың қаңтарында өзгертілетін тарифтерге де әсер етпекші: олардың қолданылуы арнайы бұйрықпен 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін тоқтатылды.

"Мысалы, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлы өсім бар. Бірақ мен I тоқсаннан кейін қандай тарифтің өзгеретінін нақты айта алмаймын. Қазір барлық өтініштер мен бұйрықтар қаралуда", - деді Жандос Сәлімов.

Оның айтуынша, шешім қабылдау кезінде мамандар инфляцияны, индекстеуді және басқа да экономикалық факторларды ескереді. Бұған дейін Су ресурстары министрлігі тұтынушыларға құны 177 млн теңгеден астам суармалы суды қайтаратыны белгілі болды. Ведомство өткен жылы инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін тарифтерді төмендетуге 18 компанияны міндеттеді. Уақытша өтемақы бағалары бір жылға жарамды болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар