2025 жылы Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде 11-орынға жайғасты

Қаракөз Амантай 27 нау. 2026 09:31

2025 жылы Қазақстан тәулігіне 2,065 млн баррель мұнай өндіріп, шикі мұнай өндіруші елдер арасында 11-орынды иеленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел – АҚШ. Бұл ел тәулігіне 13,577 млн баррель мұнай өндіреді. Екінші және үшінші орындарда Ресей мен Сауд Арабиясы тұр. Екі мемлекет те тәулігіне 9,5 млн баррельден астам мұнай өндіреді.

Айта кетейік, әлемдегі ең ірі он мұнай өндіруші елдің бесеуі Таяу Шығыс аймағында орналасқан.

Әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдер рейтингі:

1. АҚШ – 13,577 млн баррель
2. Ресей – 9,867 млн баррель
3. Сауд Арабиясы – 9,509 млн баррель
4. Канада – 4,938 млн баррель
5. Ирак – 4,394 млн баррель
6. Қытай – 4,337 млн баррель
7. Иран – 4,192 млн баррель
8. Біріккен Араб Әмірліктері – 3,817 млн баррель
9. Бразилия – 3,745 млн баррель
10. Кувейт – 2,575 млн баррель
11. Қазақстан – 2,065 млн баррель


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove