2025 жылы Отбасы банкінің әрбір үшінші клиенті алғаш рет баспаналы болды

Dalanews 23 қаз. 2025 16:42

Көптеген қазақстандық үшін алғашқы пәтер немесе үй сатып алу – өмірдегі ең маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі. Бұл арманға қол жеткізуге азаматтарға Отбасы банк көмектесіп келеді. Жыл басынан бері банктің әрбір үшінші салымшысы алғаш рет өз баспанасын алып, жаңа қоныс иесі атанған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстандықтар тиімді жинақ жүргізіп, қолжетімді несие алуға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі және оның негізінде іске қосылған бағдарламалар арқасында жетті. Бұл бағдарламалар түрлі әлеуметтік топтарға бағытталған – жас мамандардан бастап, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға дейін. Олар жинақтау мерзімін қысқартып, тиімді шарттармен жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік береді.

Биылдан бері алғашқы баспанасын сатып алған қазақстандықтар саны мынадай:

  • Ғалымдардан – 191 адам. Оларға несие жылдық 5% мөлшерлемемен беріліп, бастапқы жарна 10% болды.
  • Мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған 4 935 адам баспаналы болды. Несиемөлшерлемесі 2% немесе 5%, бастапқы жарна 10% болып белгіленген.
  • "Наурыз" және "Наурыз жумыскер" бағдарламалары бойынша 7 038 қазақстандық үйліболды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға несиемөлшерлемесі 7%, қалғандарына – 9%. Айта кетерлігі, бұл бағдарлама арқылы үй мәселесін негізінен 35 жасқа дейінгі жастар шеше алдыберілген несиелердің шамамен 60%-ы оларға тиесілі.
  • Облыстардағы 4 656 тұрғын өңірлік бағдарламалар аясында жаңа баспанасына ие болды. Бұл бағдарламалар әкімдіктермен бірлесе жүзеге асырылады, сондықтан шарттары әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін.
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары бағдарламалардан тыс.

"Биыл Отбасы банкінің қолдауымен 60 мың қазақстандық отбасы өз баспанасына ие болды. Олар жалпы 1,250 трлн теңге несие алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үйге қоныс аударғандар саны 15%-ға, берілген несиелер көлемі 37%-ға өскен. Біздің үшін ерекше маңыздысы – биыл Отбасы банктің әрбір үшінші клиенті алғаш рет өз пәтерінің есігін ашты. Бұл дегеніміз банк шынымен де адамдарға өміріндегі ең басты мәселелердің бірі – өз үйін сатып алу мәселесін шешуге көмектесіп отырғанын көрсетеді", – деді Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Қазіргі таңда Отбасы банкінде 3 195 535 қазақстандық өз баспанасына жинақ жасауда. Күн сайын шамамен 2 500 жаңа депозит ашылып, 200-дей несие берілуде. Банк қолдауымен биылдың соңына дейін тағы 7 000–10 000 қазақстандық алғашқы баспанасын сатып ала алады деп күтілуде.

Түсініктеме: әртүрлі бағдарламалар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) несиелін алушы категориясына және кредиттік шарттарға байланысты 2%-дан 13%-ға дейін өзгереді. Жас ғалымдар бағдарламасы бойынша ЖТСМ – 5,2%–5,5%;Тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін ЖТСМ – 2,0%–2,1% және 5,2%–5,8%; «Наурыз» бағдарламасы бойынша ЖТСМ – 7,1%–9,6% және 9,4%–13%.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар