20 жылдан бері қазақ тілінен дәріс оқып жүрген кореялық профессор Президенттің қолынан марапат алды

20 жылдан бері қазақ тілінен дәріс оқып жүрген кореялық профессор Президенттің қолынан марапат алды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады. Олардың арасында Хангук шет тілдері университетінің профессоры Сон Ён Хун бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Хангук шет тілдері университетінің профессоры Сон Ён Хун 20 жылдан бері қазақ тілінен дәріс оқып, корей халқына Қазақстан мен оның мәдениетін дәріптеп келеді. Ол бүгін II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

"Бұл - мен үшін үлкен мәртебе және зор құрмет. 20 жыл бойы Кореяда қазақ тілін оқытып, Қазақстанды Корея халқына кеңінен танытуға, екі елдің достығын нығайтуға өз үлесімді қосуға тырысып келемін. Бұл марапат тек өзіме емес, кафедрамыздың көп жылғы еңбегіне, Кореядағы қазақ тілін оқыту мен Қазақстанды зерттеу ісіне берілген жоғары баға деп қабылдаймын", - деді ол.