20 сәуірде ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 20 сәу. 2026 07:25

Синоптиктер 20 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Скандинавиялық антициклонның сілемі салдарынан еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз, біршама салқын болады. Алайда ауа массаларының ауысуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы болжанады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, желдің күшеюі мүмкін.

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы 15–23 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 10–18 градус жылы болады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17–28 градусқа дейін жылынады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove