19 жасында көз жұмған Мадинаға қатысты жаңа деректер жарияланды. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның анасының сұхбатынан үзінді бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Анасының айтуынша, Мадинаны осыдан екі жыл бұрын Меркіде тұратын жігіт алып қашқан. Ол кезде қыз небәрі 17 жаста болған.
Марқұм болашақ күйеуімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Екеуі шамамен 20 күн сөйлескеннен кейін шаңырақ көтерген.
Руслан Өтепбай бұл жайттар айтылған сұхбаттың толық нұсқасы бүгін сағат 12:00-де YouTube арнасында жарияланатынын хабарлады.