1400 шақырым жол жөнделеді

Dalanews 17 қыр. 2019 07:31 733

Түркістан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы – 16 746,9 шақырым. 2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуда 1 705,1 шақырым жол мен 11 көпірге құрылыс жөндеу жұмыстары жүріп,  жыл соңына дейін 585 нысан, яғни 1 391,8 шақырым жол пайдалануға берілмек.

Облыс орталығы – Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы – 845 шақырым. Ағымдағы жылы Түркістан қаласының көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен – 6,5 млрд. теңге қаралған. Қазіргі таңда 12,6 шақырым құрайтын 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 2-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, қалада 70 шақырымды құрайтын 63 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. Бұдан өзге, 96,23 шақырымдық 83 көшеге тас төсеу жұмыстары жүруде.

 

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар