Қазақстанда кейбір бәйшешек пен бақбақ секілді сирек өсімдіктерді жұлғаны үшін 13 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Вице-министр Нұркен Шәрбиев айыппұл Қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктерге қатысты қолданылатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай өсімдіктерді жұлу немесе жою фактісі анықталса, 3000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл шамамен 13 миллион теңгеге тең.
Министрлік мұндай қатаң шаралар жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді қорғау үшін енгізілгенін атап өтті. Сирек кездесетін гүлдер мен өсімдіктер негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өседі.