Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің басқарма төрағасы ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл ақпаратты Антикор ресми түрде растады. Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда бұл іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында "М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасы ұсталғанын растайды. Өзге ақпарат қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарламада.
Күні кеше бірнеше БАҚ Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры ұсталғанын хабарлай бастаған болатын. Екі бірдей өңірдің денсаулық сақтау басқармасын басқарған Әсет Қалиев 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.