11 млрд теңге: Қосшыда жаңа мектеп салынады

11 млрд теңге: Қосшыда жаңа мектеп салынады
Gov.kz

Ақмола облысында жаңа мектеп құрылысына қомақты қаржы бөлінбек, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметке сәйкес, Косшы қаласында 1500 орындық мектепті салуға шамамен 11,2 млрд теңге жоспарланған.

Тапсырыс беруші – Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Құжатта жобаның жалпы құны 11 195 632 889 теңге екені көрсетілген.

Өтінімдерді қабылдау 4 мамырда басталып, 13 мамырға дейін жалғасады.

Осылайша, Косшыда ірі әлеуметтік нысан салуға миллиардтаған қаржы қарастырылып отыр.