Храпуновтарға тықыр таянды

Dalanews 15 қыр. 2020 02:20 236

Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпуновқа Швецария азаматтық беруден бас тартты. Бұндай шешімді Швецарияның миграция жөніндегі мемлекеттік секретариат қабылдаған, – деп хабарлады malim.kz сайты.

Ілияс Хрупанов сот процесстердің бірінде фигурант болғандықтан өтініші қанағаттандырылмаған. Швецариядағы Федералды әкімшілік соттың мәліметінше Храпуновтар отбасына ақша жымқыру бойынша айып тағылған. Нақтырақ айтсақ, АҚШ пен Ұлыбританияда Храпуновтарға бірқатар айыптар таққан. Аталған елдердің заң орындары Ілиястың бірнеше миллион долларды анасынан түсініксіз жағдайда қаражат алған айтуда. Осындай себеппен Ілияс Викторұлының екі баласына да азаматтық берілмеу туралы жауап келген.

Ілияс Храпунов 1998 жылы осыдан 22 жыл бұрын Швецарияға көшіп кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Ілиясқа Интерпол арқылы да іздеу жарияланған. Ресми Нұр-Сұлтан оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып басқарған және заңсыз жолмен тапқан дүние-мүлкін заңдастырып алды деп айып таққан.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x