Мәсімов бізге бастық емес

Dalanews 17 қар. 2016 15:22 196



Ақын Ринат Зайытов "Алматы" телеарнасындағы "Өткір тіл" бағдарламасына сұхбат берді. Біраз дүниенің басын шалды. Дін, саясат, қоғам бәрі-бәрі қамтылды. Соның ішінде ақынның "билік халықтың қолында, шендінің бәрі бастық емес" деген пікірі көңілімізге қонды. Осы бағдарламада Зайытов Мәсімовті түйреп өтіпті. 



"Кәрім Мәсімов премьер-министр болып тұрғанда «отставкаға» кетпейсіз бе деп ашық айтқанмын. ҚР азаматы ретінде оны айтуыма миллион негізім болды.



Сол сөз айтылған айтыстың ертесінде мен өз арамызда кішігірім жиналысқа салындым. Сонда бір-ақ сұрақ қойдым.



Біз өз жерімізде, өз мемлекетімізде отырып, өзіміздің мұң-мұқтажымызды айту үшін бір қызметтегі адамнан қорқамыз ба?!





Біздің ата-заңымызда Қазақстанның негізгі билігі халықта, қалғанының бәрі атқарушы билік деп жазылған. Демек, премьер-министр, депутат, облыстың әкімі барлығы халықтың қызметкерлері. Бастығымыз емес. Осының ара-жігін ажыратып алу керек", – дейді Ринат Зайытов.

https://www.youtube.com/watch?v=ImPDyCix5rw



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x