Ахметов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның есебін тыңдады

Dalanews 24 желт. 2021 11:25 201

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның есебін тыңдады.

Әкім осы тарапта тер төккен тарихшылар, ғалымдар мен жоғары оқу орындары ұстаздарының еңбегін жоғары бағалады. Ғалымдардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде мұрағаттардан ақталмаған 2847 адамның ісі табылған. Олардың 2666-сы оңалту шараларымен қамтылуы тиіс.

"Қазіргі таңда комиссия барлық қажетті құжаттарды дайындап қойды. Өз туыстарының тағдыры туралы білгісі келетін азаматтардың өтініштерінен кейін біз арнайы портал аштық. Онда қалдырылған әр өтінішті мамандар міндетті түрде қарастырады. Қазірдің өзінде 494 іс мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілмек", – деді аймақ басшысы.

Комиссия мүшелері қызыл қырғынның кесірінен күштеп жер аударылған 203 адамның ісін толық зерделеген. Оның үстіне алғаш рет олардың нақты саны анықталмақ.

«Бұдан сырт, мамандар Ұлы Отан соғысы кезінде концлагерьлерде болған шығысқазақстандық тұтқындардың істерімен жұмыс істеуде. Осы жұмысқа студенттерді, магистранттарды, волонтерлерді тарту қажет. Біз өз тарапымыздан оларды қажетті жабдықпен қамтамасыз етуге дайынбыз. Тарих ешқашанда ұмытылмауы және бұрмаланбауы керек! Бұл саяси кезең толыққанды зерттелуі тиіс», - деді Даниал Ахметов.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x