Нұр-Сұлтан. Жәрмеңкеде 100 жұмыс беруші мен 1000 жұмыс іздеуші жас кездесті

Dalanews 28 там. 2019 04:42 302

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жастар» сарайында 29 жасқа дейінгі жастарға арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда жастарға 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылғанын елорда әкімдігі хабарлады.

2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай, Жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі десек болады.

Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған шарада 100 жұмыс беруші мен 1000 жұмыс іздеуші бас қосып, ортақ мәмілеге келді.

Жалпы, шара барысында жастарға 2 мың бос жұмыс орны ұсынылды. Өз кезегінде жастар мамандығына сәйкес келетін жұмыстарды таңдап, жұмыс берушілермен тікелей кездесу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша екі қолына бір күрек іздеген жүздеген жас жұмысқа қабылданып, ортақ Отанымыз Қазақстанның дамыту мүмкіндігіне ие болды

Айта кетейік, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жоғары оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасап, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы хабарландыру мақсатында өткізіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x