Түркістандықтар Шығыс Қазақстанға қоныс аударған жерлестерінің жағдайымен танысты

Dalanews 26 қыр. 2019 09:33 240

Түркістан облысының жауапты мекеме жетекшілері, қоғам және БАҚ өкілдерінен жасақталған арнайы топ «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына сапар шекті. Мақсат –  «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер және облыстан көшіп барған отбасылар өмірімен танысу.

Облыс орталығы Өскеменге ат басын тіреген түркістандықтарды ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Тимур Жігітаев қарсы алып, келелі кездесу ұйымдастырды. Жиналғандар халқы тығыз қоныстанған облыстардан тұрғындары сиреген өңірлерге азаматтарды көптеп көшіру жолдарын талқылады.

Жалпы, «Еңбек» бағдарламасы 2015 жылдан бері еңбек күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету және демографиялық өсімді қалпына келтіру мақсатында жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарлама.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы оралмандар мен қоныс аударушылар үшін қоныстандыру өңірі ретінде анықталған болатын.

2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2161 адам (651 отбасы): оның ішінде қоныс аударушылар –1566 адам (456 отбасы), оралмандар – 595 адам (195 отбасы)  бекітілді. Бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен жол шығындарын өтеуге 231,9 млн.теңге  бөлінсе үйді жалдауға 190,9 млн. теңге қарастырылған.

Табиғаты көркем Шығыс жеріне жұмыс күші мол өңірлерден, атап айтқанда Алматы облысынан – 426 адам, Түркістан облысынан – 168, Қызылорда облысынан – 114, Жамбыл облысынан – 90, Маңғыстау облысынан – 9, Шымкент қаласынан – 42 және Нұр-Сұлтан қаласынан – 1 адам көшіп келді. Түркістан облысынан  қоныс аударғандар басым көпшілігі Алтай, Бородулиха, Риддер аудандарына тіркелген.

Бұл облыста мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектің арқасында көшіп барған 99 отбасы өз баспаналарына ие болған.

Биылдың өзінде еңбек күші мол аймақтардан көшіп келген 850 адамның 374 еңбекке жарамды, оның ішінде 288 адам жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ 263 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылса, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға - 25 адам тартылған. Кәсіпкерлікпен 11 адам айналысуда.

Сондай-ақ «Серпін» жобасының 64 түлегі қоныс аударған.

Түркістан облысынан биылдың өзінде ШҚО-на 54 отбасы, 104 азамат көшіп барған.

Бүгінгі таңға  дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі  тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылды.Өз кәсібін ашамын деушілерге  егін , мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар  ұсынылды. Көшіп- қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектермен (қаржылай көмектер) барған азаматтар  қамтамасыз етілуде.

 

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x