Түркістан облыс орталығы болу Кентауға оң өзгерістер әкелді

Dalanews 02 қар. 2018 15:46 202

Түркістан облысы орталығының Түркістан қаласына көшуі Кентауға да көптеген оң өзгерістер алып келді. Бұған дейін шалғайда орналасқан шағын қала аталып келген Кентаудың да тынысы кеңейіп, аумағы ұлғайып отыр.



Облыс орталығына ең жақын орналасқан Кентау қаласы Түркістанмен бірге дамитын болады. Қазірдің өзінде инвестиция салатын көптеген компаниялар Кентауға қызығушылық танытуда. Соның бірі – Түркияның атақты «Dal Holdіng Іnvestment CO» компаниясы. Жақында ғана аталған компания өкілдері облыс әкімімен кездесті.

Оның алдында Елбасының Түркияға сапары кезінде ұйымдастырылған бизнес-форумда Түркістан облысыменн меморандумға тұрған болатын. Яғни, бұл компания 200 гектар жерге заманауи технологиялармен жарақтанған жылыжай салмақ. Кентау қаласы әкімдігі қажетті жерді анықтап берген.  Құны 300 млн. АҚШ доллары болатын жоба арқылы 700 жұмыс орны ашылмақ.

Бұл жылыжай «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне 25 шақырым жерге орналасқан. Кентаудағы жылыжай кешені ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, еліміздің экспорттық әлеуетін көтерері анық. Қазір арнайы жоспар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қалада туристік саланы дамыту мәселесінде де қолға алынып жатқан жұмыстар бар. Құсшы ата ауылындағы көк шалғын жерге шағын мобильді туристік үйшіктер қою үшін жер қарастырылуда. Қаратау қорығына барар жолдарды ретке келтірілген. Сондай-ақ, күн сәулесінен электр энергиясын алатын біраз стансалар салуда жоспарда бар.

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x