Түлкібас ауданы дәстүрлі өнерге қолдау көрсетуде

Dalanews 18 қар. 2018 11:00 210

Дәстүрлі өнерді ұлықтау, салт-жоралғыларды көздің қарашығындай сақтау, қадым заманнан қалыптасқан қазақи құндылықтарға құрметпен қарау рухани жаңғырудың алғышарты. 

Осы ретте Түлкібас ауданының әкімдігі ауданның 90 жылдық мерейтойы орай елімізден шыққан танымал ғалымдар және өңерпаздармен кездесулер ұйымдастырған болатын. Сол жолғы кеште жергілікті тұрғындар мұндай шаралардың жалғасын табуы қажеттігін айтып, өз өтініштерін айтқан еді.

Күні кеше жуырда аудандық мәдениет үйінде Түркістан өңірінің зор мақтанышы, бағына біткен бір туар тарланбозы, нәзікжандылар арасында кешегі қыздардың бүгінгі аналар арсынан өнер айдынында жеке дара көш бастаған ақыны Ақмарал Леубаеваның шығармашылық кеші өтті.

Шара барысында алғысөз алған аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, ауданға арнайы келіп, аудан тұрғындарына концерттік бағдарламасын ұсынып отырған Ақмарал Пернебекқызына алғысын білдірді.


Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарапынан Ақмарал Пернебекқызы өмірінен сахналық қойылымдар қойылса, жергілікті ақындармен айтысында көрермендер қуана тамашалады.

Сонымен қатар, концерт барысында аудандық әншілерде өз тарапынан қалын жұртшылыққа ән-шашуларын тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x