Олар сұлу, нәзік...Қазақ қыздары қытайдың жігіттерін қатты қызықтырады

Dalanews 12 қаң. 2017 11:50 300

 Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қытай азаматы мен қазақ қыздарының арасындағы некеге қатысты ойын білдірді.

Бұл  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Екі ел азаматтары некелесіп жататын жайттар кездеседі. Қазақстанның көп азаматтары Қытайға жұмыс бабымен немесе оқуға келеді де, Қытайда қалып қойып жатады. Қазақ мəдениетін дəріптеп жүрген адамдар бар, Қытай тұрғындары сол адамдар арқылы Қазақстанның салт-дəстүрімен таныса алады. Бұндай некелерді біз құп көреміз деп айта алмаймын, бұл - табиғат заңы. Бірақ, жақсы деп ойлаймын. Бұл - біздің халықтар арасында дəстүрлі достық бар деген сөз, сол достық жемісін беріп жатыр деген сөз», - дейді ол.

Елшінің айтуынша, қазақ қыздары Қытай азаматтарын қатты қызықтырады.
«Қытайдан келiп, жергiлiктi қыздарға үйленiп жатқанын бiлемiн. Мұндай жағдайлар көп. Бұл - қалыпты тәжiрибе. Ешкiм ешкiмдi шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек. Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді өте қатты қызықтырады. Себебі олар өте сұлу, нәзiк, жоғары бiлiмдi, ата-аналарын, үлкен кiсiлердi сыйлайды, отбасыларын жақсы көредi. Дәстүрiмiз бойынша бiзде ұқсастықтар көп», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада қазақ қыздарын қалталы қытай жігіттерімен таныстыратын неке агенттігі ашылып, қоғам наразылығын тудырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x