Солтүстік Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін бе?

Dalanews 15 мам. 2015 03:43 405

The Guardian тілшісі Шон Уокер Қазақстанның солтүстігіне келіп, мұндағы жағдайды барлап қайтыпты.

Шетелдік журналистің біздің жерге не мақсатпен келгенін төменгі мақаланы оқысаңыз білесіз.

Шон УОКЕР

Петропавл сырт қарағанда әдепкі Сібір қаласы. Үйлердің көпшілігі Хрущевтің дәуірінде салынған. Мұндағы пойыздар Мәскеудің уақытымен жүреді. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі этникалық орыстар. Олардың арасында Кеңес одағын көксейтіндер көп...

Алайда Петропавл – Қазақстанның жері. Мұндағы «мемлекеттік тіл» орыс тілі. Қазақстанның солтүстігінде Украинадағы оқиғалар қайталануы мүмкін. Себебі, Кремльдің басқыншылық саясаты мұндағы этникалық топтарға

әсер етіп, олардың толқынысын туғызуы ғажап емес.

Радикалды орыс саясаткерлері Қазақстанның солтүстігін Ресейге қайтару керек деп біраздан бері шуласып жүр.

Ал өңірдің шығыс Украинаға ұқсас тұстары өте көп. Біріншіден, орыс ұлты басым. Олар ақпаратты ресейлік телеарналардан алады, оның үстіне өңір Ресеймен шекаралас жатыр.

Ресей Қырымды басып алғалы бері Кремль келесі кезекте өз назарын Қазақстанның солтүстігіне аударатыны айтылуда.

Иә, қазіргі Қазақстан лидері Нұрсұлтан Назарбаев этникалық қақтығысты болдырмау үшін оны барынша тежеп келеді. Саяси түсіністіктің өзін ол ұлтаралық тұрақтылыққа негіздеген.

Петропавлда татулық пен бірлікке үндеген лозунгтар жетіп артылады. «Біз, қазақстандықтар бір үйдің балаларымыз», «Қазақстан – татулық пен бейбітшілік бесігі» дейді.

Назарбаевты күллі Қазақстан халқы қолдады. Ол сайлауда жеңіп шықты. Бірақ, оның жасы 74-те. Ендеше «одан кейін не болады, Қазақстанды не күтіп тұр?» деген сауалдың басы ашық.

Біз Петропавл тұрғындарының арасында сауалнама жүргіздік. Көпшілігі Назарбаев басқарып отырған елде өмір сүріп отырғанына бақытты екенін айтты. Бірақ, сөздерінен жасандылық байқалады, іштегі біраз дүниелерін іркіп қалғанын сездік.

«Қазақтар бізге өз тілін үйрете алмай ашу-ызаға мінеді. Бізді қазақ тілін үйренуге мәжбүрлеп жатыр. Айтыңыздаршы, бұл тіл кімге керек? Қазақша сөйлеп жатқандарды көрсем тағамыма әлдене тұрып қалғандай күйде боламын», – деді 26 жасар этникалық орыс Кирилл. «КСРО-ны құлатып алғанымыз ұят іс. Бұл нағыз мемлекет еді» дейді ол.

Украинадағы оқиғалар Қазақстан қоғамын екіге жарды. Осындағы этникалық орыстардың көпшілігі осы оқиғаларға қатысты ресейлік арналар таратқан ақпаратқа сенеді.

«Путин нағыз еркек. Ол Шығыс Украинадағы соғыстан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Ал сіздер, Батыс әлемі отқа май құйып, ол жаққа қару-жарақ тасып жатырсыздар», – деді бізге 42 жасар Петропавл тұрғыны Игорь.

Былтыр Путинге Қазақстандағы этникалық орыстардың құқығы, тағдыры туралы сауал қойылған. Сол кезде Ресей Президенті Назарбаевты мақтаған болып: «бұл жерде (Қазақстанда) ешқашан мемлекет болмаған, ол бұрын-соңды тарихта болмаған жаңа мемлекет құрды» деді.

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, Путин ғана емес, күллі ресейлік элитаның көзқарасы осындай.

Ресей Президентінің сөзі Қазақстанда үлкен наразылық туғызды. Үкімет Қазақ хандығының, қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлайтынын айтты.

Ал Украинадағы оқиғалар, нақтырақ айтсақ, мемлекеттік шекараның бұзылуы Қазақстандағы көпшілікті қорқытып жіберді.

«Қырым операциясына дайындық ұзақ жүрді. Ресей Украинаны толық тәуелсіз етпеудің сан түрлі амалын жасады. Полиция, әскер және арнайы күштер өте әлсіз жағдайда болды... Қазақстанда, оның ішінде елдің солтүстігінде әскер мен арнайы күштер өзін дәл Украинадағыдай ұстауы мүмкін», – дейді бұрынғы дипломат Расул Жұмалы.

Украина оқиғаларынан кейін өзге елдерде тұратын қазақтарды елге көшіру жұмысы қайта жанданды.

Ресейлік ақпарат талай адамды дуалап тастады. Татьяна Шевцова-Валова (этникалық орыс) өзінің Фейсбуктегі парақшасында қазақтарды «жаңқаға» теңеп, «мұнда Қырымдағы сияқты төңкеріс болады» деп қорқытты.
Айталық, Астана тұрғына Евгений Вдовенко сепаратистер қатарында соғысқаны үшін 5 жылға түрмеге қамалды. Бірақ, мұнысына өкінген жоқ. Сепаратистер қатарына өз еркімен өткенін және кім көрінгенді атпағанын айтты. Жақында Атырау қаласында тағы да сол сепаратистердің сапында соғысқан Қазақстан азаматы түрмеге қамалды.

«Тіл мен ұлттың мәселесін қайта-қайта айтып, қақсай бергендеріңізді доғармасаңдар Қазақстанда да Қырымдағыдай болады. Солтүстік, тіпті тұтас Қазақстан Ресейдің қоластына өтеді», – деді ол.

Қазақстандағы этникалық орыстардың арасында шығыс Украинадағы сепаратистердің қатарына өткендер бар. Олар түрмеге қамалды.

Айталық, Астана тұрғына Евгений Вдовенко сепаратистер қатарында соғысқаны үшін 5 жылға түрмеге қамалды. Бірақ, мұнысына өкінген жоқ. Сепаратистер қатарына өз еркімен өткенін және кім көрінгенді атпағанын айтты. Жақында Атырау қаласында тағы да сол сепаратистердің сапында соғысқан Қазақстан азаматы түрмеге қамалды.

«Қазақстан өте әлсіз. Бізді тек халықаралық құқық қана қорғап тұр. Бірақ, бұған сенген Украинаның тағдырына куәсіздер», – дейді Сәтпаев.

Қазақстандағы қазақтардың саны өсіп келеді. 1989 жылы бұл көрсеткіш 39 пайыз болса, қазір 70 пайызға жеткен.

Ал әзіргі Қазақстан билігі негізінен орыстілді. Және де әлі біраз уақыт Петропавл сияқты қалаларда орыс тіліне басымдық беріп, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап тұрарына сенімді. Бірақ, бұл жағдай өзгеруі мүмкін. Қазақстандағы орыс ұлтының орта жасы – 46, ал қазақ ұлтының орта жасы – 26 жасты құрайды. Қазақ интеллектуалды топтарының арасында патриотизм өсіп келеді. Қазақтың дәстүрлі киімдерін кию, қазақ әндерін тыңдау үрдіске айналуда.

Қазақстандағы орыс қоғамы Назарбаевтан кейін оның орнына келетін адам ұлттық мәселелерге басымдық береді деп қауіптенеді. Сарапшылардың айтуынша, бұлай болатын болса, яғни, ұлтшыл бағыттағы топ Қазақстанды Еуразиялық одақтан шығарып, өз жолымен жүргісі келетінін көрсетсе Ресей тарапынан арандату жүруі мүмкін.

Иә, шынын айту керек Қазақстан Кремль үшін дәл Қырым түбегіндей стратегиялық маңызға ие емес. Ресейдің Қара теңіз Флоты дәл осы Қырымда құрылған. Сайып келгенде Украина НАТО-ның шекарасын кеңейтуге бірден-бір кедергі болатын қамал ретінде қарастырылған.

Алайда, Қазақстанның да Кремль назар аударатын тұстары өте көп. Бұл бірінші кезекте – Байқоңыр ғарыш айлағы, сонымен бірге осындағы этникалық орыс қоғамы да психологиялық тұрғыдан ерекше маңызға ие. Путин бір кезгі Кеңес одағының құрамында болған елдердегі орыс ұлтын қорғауға уәде берген...

«Дәл қазір Ресейдің Қазақстанның солтүстігінде хаос жасайтын нақты себебі жоқ. Бірақ, Кремль тырнақ астынан кір іздеуі мүмкін», – дейді сарапшы Айдос Сарым. – Мәскеу солтүстіктегі орыс қоғамын арандатар болса, мұның арты соғысқа ұласады. Ал бұл солтүстік Қазақстанды басып алудың ең оңай жолы», – дейді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x