Zумерлер неге жаппай көшеге шыға бастады?

Сағыныш Сардарова 20 окт. 2025 10:26

Zумерлер неге жаппай көшеге шыға бастады? Бұл сауалға Baigarayev Sarap арнасы жауап іздеп көрген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Осыдан 13-14 жыл бұрын "араб көктемі" деген толқын біраз Африка, араб елдерін шайқап кеткен еді. Енді соңғы жылдары зумер буын алаңға жиі шыға бастады. Бір қызығы, бұл жолы Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында жиі байқалады.

Бірақ бір аймақпен шектелмейді. Мысалы, Еуропаның көп елінде Палестинаны қолдаған наразылық акцияларына Z буын өкілдері көптеп келген. Немесе кезінде Black Lives Matter деп АҚШ-та қара нәсілділер жаппай наразылығын білдірген еді. Сонда көшеге шыққандардың тең жартысы 30-ға дейінгі жастар болған", - деп жазылған мәліметте.

Арна дерегінше, зумерлердің ереуілі соңғы жылдары Непал, Шри-Ланка, Марокко, Бангладеш, Индонезия, Филиппин, Гонконг, Тайландта байқалған. Мадагаскар, Перуде де жас буын шыққан. Зумерлер неге наразы? Неге олар жылдам ұйымдасып, өте ауқымды ереуіл ұйымдастыра алады?

"Ең алдымен, әр елдің жайы бөлек. Әр елде халықтың наразылығын туғызған фактор басқа. Непалда наразылық шенеуніктердің балалары байлығын мақтана түскен фотоларға қарсылық ретінде басталған. Филиппинде селдің салдарын жоюға бөлінген ақшаның жымқырылуына, жалпы жемқорлыққа қарсы көшеге шыққан. Өзге елде әлеуметтік көмектің қысқаруына дегендей.

Ал негізінен жас буынның мобильділігіне смартфон, интернет, әлеуметтік желі ықпал еткен. Яғни, жылдам коммуникация. Бұл тез ұйымдасуға, бірігуге мүмкіндік берген. Түрлі хэштегтер мүдделестерді топтастырған. Зумерлер тикток, инстаграм, Х, телеграм, дискордты пайдаланған. Кейде телеграм.

Зумерлер миллениал, одан алдыңғы буын секілді емес. Негізінен 90-жж. жоқшылықты көрмеген соң ба, әлеуметтік әділетсіздікке жылдам қарсы шығады. Этиканы, заңды сақтауды, өзін құрметтеуді бірден талап етеді. Ол орындалмаса, протестке шығады. Жекелей не топпен. Грета Тунберг және оның замандастары - соның мысалы.

Тағы бір фактор. Зумерлер психологиялық тұрғыда басқаша келеді. Олардың құндылығы басқа. Сондықтан дәстүрлі билікке, партияға, медиаға көбіне сенбейді. Олардың жыл сайынғы нарративтеріне сенбейді. Сенім жоқ жерде қолдау жоқ. Қолдау жоқ жерде протест бар", - деп жазылған мәліметте.


Рекомендовать
Последние новости