Израиль Иранды бомбалады: елшілік қазақстандықтарға шұғыл үндеу жасады

Көркем Алдабергенова 13 июн. 2025 09:24

13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастады. Тегеран маңындағы кемінде алты әскери нысанға соққы жасалды. Осыған байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)


Рекомендовать
Последние новости