"Хуторлықтар" Қаржаубай Нұрымовты ұрып кеткені рас па?

Көркем Алдабергенова 16 июн. 2025 09:19

Әлеуметтік желіде "хутор бандасы" 16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұрып кеткен деген ақпарат тарады. Отбасының адвокаты Мейірман Шекеев Шерзат Нұрымов бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мейірман Шекеевтің сөзінше, желіде жалған ақпарат тараған. 

"Қазіргі таңда әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатыр. Бәрі дұрыс. Ешкім оған зиян келтірген емес. Сондықтан мұндай ақпараттарға сене бермеңіздер. Сонымен қатар, отбасына қатысты жалған ақпараттар тарап жатыр. Ол бойынша да түсініктеме беретін боламыз", - дейді Мейірман Шекеев. 

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың өліміне қатысты айыпталушы Абзал Шынасыл «Хутор бандасымен» байланысы жайлы жауап берген болатын. 

Сот отырысы барысында айыпталушы Абзал Шынасылға «Чика» деген адам және «Делайте» деген пәрмен туралы сұрақ қойылды.

– Мен ол жақта болғанда ондай нәрсе болған жоқ, – деп жауап берді Абзал Шынасыл.

Сондай-ақ сотта одан «Хутор бандасымен» байланысы туралы да сұралды.

– Мен осы іске қатысты айтқым келгені, БАҚ-та «Хутор» деген бандиттер бар деп жазады. Жоқ, біз оларға ешқандай қатысы жоқ қарапайым ауылдың балаларымыз. Неге бізді «Хуторские» деп атап жүргенін өзім де түсінбеймін, – деді сотта айыпталушы.


Рекомендовать
Последние новости