Халал кәсіпорынының азық-түлік сапасы тексерілді

Dalanews 17 июн. 2016 04:07 955

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі, «Халал Даму» ЖШС-ның қызметкерлері жартылай дайын өнімдер шығаратын «OZYURT» өндіріс ошағына тексеріс жұмыстарын жүргізді.

«OZYURT» халал кәсіпорыны 2016 жылдың ақпан айында «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған болатын. Содан бері Діни басқарманың бақылауында жұмыс жасап келеді.

dalanews halal02Тексеріс барысында кәсіпорынның шариғат талаптарын сақтау тәртібі мен өнімдердің құрамы тексерілді. Себебі, халық өнімдердің қорабында халал деген таңба тұрсада күмәнмен қарайды. Ал, кәсіпорындардың жұмысын үнемі қадағалап, бақылап отыру өнім сапасын жақсартудың негізгі бағыты мен алғышарттарының бірі.

«Жартылай дайын өнім шығаратын «OZYURT» кәсіпорынына сертификат беруіміздің басты себебі, халық көп жүретін орындарда тез дайындалатын тағамдардың шариғат талаптарына сай болуы өтте маңызды. Бұл кәсіпорын «Халал Даму» ЖШС-ның стандарттары бойынша сертификатталды. Осындай халал өнімдер шығаратын өндіріс ошақтары елімізде көбейсе деген ниеттеміз. Өйткені, өнімдердің қағазында халал деген таңба тұрсада халық күмәнмен қарайтын болды. Діни басқарма осы жағдайды болдырмас үшін қатаң қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді», – деді «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев.

Бүгінгі Қазақстан қоғамында халал-өнімдер мен халал-қызметтерге қызығушылық өсіп, сұраныс артып келеді. Кәсіпорын қызметкері Ербол Иманалив халал сертификатын алудағы басты мақсат тұтынушыларға таза өнім ұсыну екенін айтады.

dalanews halal01«Тамақ өнімдерін шығаратын «OZYURT» кәсіпорыны ет өнімдерін халал сертификатын алған ет өңдеу орталықтарынан алады. Күнделікті 2.5 тонна дайын өнім шығарамыз. Дөнерге арналған ет, кәуап еті, котлеттер, тартылған ет, тефтел түрлері шығарылады. Котлеттің 8 түрі, тұшпараның 2 түрін өндіреміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын тұтынушылардың халал таңбалы өнімге деген сұранысының артуы себебті алып отырмыз. Өйткені, халал ең бірінші таза өнім», – деді технолог Ербол Иманалив.

Сондай-ақ, шара барысында халал бойынша Ақтөбе облысының өкілі Жандос Сайланов өндіріс ошағының жұмысымен танысып, тәжірибеден өтті.  Басты мақсат имамдардың халал мәселесіне қатысты алған білімдерін тәжірибе жүзінде нақтылап, кәсіптік бағдар беру. Сонымен бірге, бұл игі шара өкілдердің ҚМДБ-ның халал сертификатын алған кәсіпорындарды бақылап, зерттеп-зерделеуіне мүмкіндік береді.

Айта кетсек, бүгінде 50 кәсіпорын «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алып, «халал» стандарты бойынша өнім өндіріп, халыққа қызмет етіп келеді.


Рекомендовать
Последние новости