ҰҚК генерал-майор Константин Воронкинді ұстау операциясын жүргізді

Көркем Алдабергенова 04 сент. 2024 16:57 2173

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық ұланның техника және қару-жарақ жөніндегі бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Константин Воронкинді 2023 жылы пара алды деген айыппен ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ratel.kz-ке сілтеп.

ҰҚК нұсқасы бойынша, генерал-майор автокөліктер мен жеңіл автокөлік құралдарын көтерме саудасымен айналысатын "Параллель-ТС" ЖШС-нің құрылтайшысы Дмитрий ВАСИЛЬЕВТЕН және осы ЖШС директоры Максим ВАСИЛЬЕВТЕН "мемлекеттік сатып алулар аясында келісімшарттар жасау, сондай-ақ Ұлттық ұланның мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, оларға жалпы "қамқорлық" көрсету үшін" пара алған.

Әкесінің аты бірдей болғанына қарағанда, ұсталған Васильевтер бір-біріне ағайынды болып келеді. Сонымен қатар, Дмитрий "Ақ Жол" партиясы төрағасы Азат перуашевтің орынбасары болып келеді.

Перуашев Воронкиннің депуттаттық мансабындағы тағдыры туралы сұраққа жауап берген. 

"Өзім бұл хабарды бес минут бұрын естідім, алдымен адвокаттармен кездесуім керек", - дейді Азат Перуашев. 


Рекомендовать
Последние новости