Ұлттық қор — балаларға: Қазақстандықтар қанша қаржы пайдаланғаны белгілі болды

Қаракөз Амантай 10 февр. 2026 10:44

Қазақстандықтар екі жыл ішінде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 35 млн доллардан астам қаражатты пайдаланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақпарат агенттігіне мәлімдеді.

2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн долларды құрайтын 223 785 өтініш орындалған.

Қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. 139 759 өтініш бойынша 22,09 млн доллар тұрғын үй мақсаттарына жұмсалған. Ал білім беру шығындарына 84 026 өтініш аясында 13,11 млн доллар пайдаланылды.

Тұрғын үй бағыты бойынша ең танымал мақсат – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымдарды толықтыру. Бұл мақсатқа 21,61 млн доллар бағытталған. Білім беру бағытында қаражат көбіне Қазақстандағы оқу орындарының оқу ақысын төлеуге пайдаланылып, оған шамамен 12,15 млн доллар жұмсалды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove