Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтаруға міндеттелмек

Сағыныш Сардарова 03 июл. 2025 10:34

Ұлттық компаниялар пайдаланылмаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтаруға міндеттеледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бөлінген, бірақ жыл соңына дейін пайдаланылмай қалған бюджет қаражатын қайтару механизмі бекітілді.

Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері шара қабылдады.

"Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде тиісті норма бекітілді. Бұл қадам мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық компаниялардың шоттарында қажетсіз бос жатудың орнына қаржы бюджетке қайтарылады. Нәтижесінде қаражат маңызды және шұғыл міндеттерге, мысалы ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталуы мүмкін. Мұндай тәсіл бюджет қаражатын мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалану қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Квазимемлекеттік сектор пайдаланылмаған қаржыны енді жыл соңында міндетті түрде қайтаруға тиіс. 


Рекомендовать
Последние новости