Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 500-ден астам шара өтеді

Dalanews 09 окт. 2019 19:04 836


Үкімет басшысы Асқар Мамин Семейге жасалған жұмыс сапары барысында қаланың 2020-2025 жылға арналған әлеуметтік экономикалық даму жоспарымен және Абайдың 175 жылдығына дайындық барысымен танысты.



Жалпы қаланы дамытуға 260,2 млрд теңге қарастырылған. Кешенді жоспар 56 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 98,5 млрд, жергілікті бюджеттен 85,5 млрд, жеке инвестициялардан 76,1 млрд теңге қарастырылған.


"Семей қаласының Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында алар орны ерекше. Елбасы Семей қаласына ерекше қамқорлық көрсетуде. Бұдан бұрын Елбасының тапсырмасы бойынша Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Соңғы жылдары халық санының өсуінің оң динамикасы байқалады", - деді А. Мамин.


Премьер-Министр Үкіметтің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударылып отырғанын айтты. Президенттің тапсырмасы бойынша алдағы бес жылға арналған қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары қабылдағанын да атап өтті.


Сондай-ақ, келер жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізудегі жұмыстарға да назар аударды. Премьер республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шараларды қамтитын жоспардың орындалуын ерекше бақылауға алатынын айтты.


Әсем Жылқышева, 


Шығыс Қазақстан облысы 

Рекомендовать
Последние новости