Түркістан: Сайрам тұрғындары жеңімпаз оқушыларды салтанатпен қарсы алды

Dalanews 13 июн. 2024 05:32 2324

Республикалық ұлттық мектеп лигасы аясында ұйымдастырылған «Шұбар доп» жарысы өз мәресіне жетті. Абай облысының Семей қаласында өткен волейбол жарысында 1-орын алған Көлкент елдімекеніндегі №96 жалпы білім беретін мектептің оқушылары бүгін ауданға оралды, депхабарлайды Dalanews.kz.

Оларды аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов, Көлкент Ауылдық Округінің әкімі У.Юлдашев, халық қалаулылары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері және ұстаздар
мен ата-аналар ыстық ықыласпен күтіп алды. Сондай-ақ жарыста жеңіске жету жолында жаттықтырушыларымен бірге қолдау таныта білген ата-аналарына алғыстарын айтты.

Күтіп алу барысында Мадияр Бақтыбайұлы ауданының беделін биіктеткен вволейболшыларымызға аудан әкімі Арман Сәбитұлының сәлемін жеткізіп, жарқын жеңістерімен құттықтады. Бұқаралық спорт түрін дамыту жолында биік шыңдарға шығуына тілектестігін білдіріп, арнайы сый-сияпаттар табыстады. 


Рекомендовать
Последние новости