Түркістан облысының кәсіпкерлері Үргіншідегі аймақаралық форумға қатысты

Dalanews 26 февр. 2020 11:16 842

Өзбекстанның Үргінші қаласында Үкімет басшыларының қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Өзбекстан мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының 2-ші форумы өтіп жатыр.

Түркістан облысы мен Өзбекстанның арасындағы сауда қатынастарын одан әрі дамыту мақсатында жалпы сомасы 50 млн долларын құрайтын 3 экспорттық келісімшартқа қол қойылды.

Жақын күндері әкімдіктің қолдауымен Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына трансформатор жабдықтарын, күркетауық еті мен тоңдырылған сиыр етін жеткізу басталады.


Форум аясында екі елдің жетекші кәсіпорындарының көрмесі өтіп жатыр. Онда Түркістан облысының кәсіпкерлері форум қатысушыларын өз өнімдерімен жан-жақты таныстыруда. Туристік компаниялар өз кезегінде туристік жарнамалық материалдарын қойып, оңтүстік өңірінің туристік әлеуетін насихаттауға мүмкіндік алды.

Бұл шара көрші елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастық қарқынын арттыра түсуге ықпал етері сөзсіз.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости