Түрік-моңғол ұлыстары мұсұлман әлеміне мың жылдық тірек болды

Dalanews 01 июн. 2021 03:20 2707

Өткен тәрих арқауын Жошы ханнан қалған Дешті Қыпшақ ұлысында яғни Алтынордада ислам дінін ең алғаш қабылдаған хан Берке Ханнан тарқатсақ. Берке хан (1209-1266)  Жошы ұлысының бесінші билеушісі, Алтын  орданың екінші әміршісі (1257-1266), Жошының үшінші ұлы, Шыңғысханның немересі. Түркі-моңғол билеушілері арасынан алғашқы болып исламды қабылдаған жан.

Берке хан Османлы Империясының атасы Түрік Ертұғырыл және Мамылүк Сұлтаны Түрік Бейбарыспен бірлесе отырып, бағдат қаласын күиретіп мұсұлман халифасын аударған Хұлагу Ханды жеңеді. Хұлагу Хан Берке Ханның жақын туысы еді, екеуіде Шыңғысханның немересі. Беркенің бұл жеңісі Мекке, Медина және Иерусалим сынды қасиетті мекендердің Бағдатпен ұқсас аянышты тағдырға душар болуының алдын алды әрі осыдан соң моңғол сахарасынан келген көптеген тұрік-моңғолдар ислам дінін қабылдап, мұсұлман бола бастайды әрі моңғол-түркілер дүниедегі ең қуатты мұсұлман империяларын құрады. Моңғолдардың алғашқы қысқа кезеңдегі жаулау әрекеттері мұсұлман әлеміне қатты соққы болып көрінгенімен, бірақ ұзақ уақытық машыттапта олар мұсұлман әлемнің соңғы жарты-мың жылдықтар бойы дүниедегі ең қуатты күш болуына себепкер болды.

Батыс христан әлемі алғашында моңғол-тұріктердің мұсұлман елдерін шапқанына қатты қуансада, бұл қуаныштары көпке созылмады. Жердің жартысын билеген шыңғысханның ұрпақтары арт-артынан әулие сопылардың қолынан ислам қабылдап жатты, олар билеген өңірлердің аяқ астынан аса қуатты мұсұлман имперяларына айналып шыға келуі, христан әлемін қатты үмітсіздендірді әрі үрейлендірді, олардың ойы шыңғысхан ұрпақтарымен бірлесе отырып ислам дінін әлсіретпек болатұғын, олар бұлай боларын ойлапта көрмеген-ды. Христан әлемінің хан ұрпақтарына тықпалаған нәпсілікпен адамилық өзгерістерге толы діні хан-сұлтандардың жүрегінен өтпеді, осылайша аса жауынгер келетін шайқаста жеңімпаз моңғол-түрік халықтарының жүрегін алла тағала ислам дініне қарай бұрды.

 

Берке Ханның әулие пірі әулие сопы Сайфуддин Бақарзи еді. Сайфуддин Бақарзи әигілі әулие Әбдұлқадыр Жиланиден келген Қадри сопылық тәриқаының үлкен әулиесі болатұғын, ол Бұхара қаласында 40 жыл ислам дінін таратты, оның алтын ордада «Шайық әл-Әлам яғни Бейбітшілік Шайқы» деген мәртебесі бар еді. Ол алтын орда және шағатай ұлысындағы хандармен қара халыққа бірдей ықпалды тұлға болған болып, түркі-моңғолдар арасына ислам дінін молынан таратқан әулие сопылардың бірі болатұғын. Деректерде Берке Хан бірнеше рет аң аулап жүргенде немесе сапарлап бара жатқанда Хұлагу Ханның жасырын жіберген қалың қолымен қандықол жендеттерінің қастығынан осы әулие пірінің көрсеткен кереметке (мұғжизаға) толы көмегінің арқасында аман қалғаны баяндалады.

Әулие Сопы Сайфуддин Бақарзи қазіреттің мақам қабыры бүгінгі Өзбекстан елінің Бұхара қаласында. Шағатай ордасының кейінгі хандарының бірі Баянқұл Ханның осы әулие кісіге құрметі зор еді, ол хан өзі қайтыс болғанда денесін Әулие Сопы Сайфуддин Бақарзи қазіреттің мақамының қасына қойдыруды өсиет еткен, сол өсиеті бойына бұл ханның қабыры әулиенің мақамының қарсысына жайғасқан әрі сәулетті кесене орнатылған. Әулие - уәлиолла яғни алланың достары деген сөздің көпше түрі, олар пайғамбардан соң аллаға ең жақын, аллаға ең сүйікті адамдар. Әулие және уалиолла атаулары құранмен хадистерде көптеп кездеседі. Мәселен, Юнұс сүресінің (10-сүре) 62-аяты.

Орта Азиядан ғұлама шайық, әулие сопылар өте көп шықты, мисалы әйгілі хадисшы бұқаримен тирмизи, әл-фараби, ибн сина, әулие яссауи, әмканаки, шах нақшыбанды, ғұджуани, қарақани, хамадани ..., есімдерінінің өзі бір кітапқа жүк боларлық, олар күллі адамзатқа ислам нұрын шашқан алланың сәихалы абзал құлдары, алланың достары еді, пайғамбардың нағыз мұрагерлері болатұғын. Бұл қасиетті кісілер әр мұсұлман үшін оларды алла хақтың нұрына бастап, пайғамбардың саф жолына апарар бағдаршам еді. Шынайы ізденген жанға, олар жайлы деректермен әңгімелер айтып тауысқысыз, молынан кездеседі, енді аздап мисал келтірсек.

Нақшыбанды сопылық тәриқатының 12-әулиесі Қожа Арифтың дәнішпандығына таң қалған Шыңғысхан оны жақсы көріп өзіне кеңесші етіп, ақыл сұрайтын. Әулие Арифтың арқасына жүзмыңдаған Бұхаралықтар Шыңғысханның қанды қылышынан аман қалады. Екінші Қожа Ахмет Яссауи атанған Әулие сопы Қожа Әли Рамитанида осы Бұхара өңірінен шыққан, нақшыбанды тәриқатының 14-әулиесі, ұстазы. Олда кезінде өзінің пірлерімен бірге Шыңғысханмен кездескен, оны Моңғол Империясының төртінші қағаны Мөңке Хан (Құбылай Ханның ұлы) ұнатушы еді, хан әулиенің ғажап мінезімен киесіне тәнті болатын. Мөңке Хан оған ислам дінін моңғол түріктер арасында таратуға рухсат береді. Әулиенің орта азяда аты асқақтап, тіпті ондағы хан-бектерден асып кетеді, бұл аты асқақтаған кім екен деп іштарлықпен іздеп келген моңғол бектері де, өз істеріне ұялып, кешірім өтінеді, оларда әулие Әлидің қолынан бая алып, ислам дініне кіреді, оған мүрит болады. Бұл істердің туылуы сахарадан келген түрік-моңғолдардың онан арман көптеп ислам қабылдауына түріткі болады.

 

Ол замандағы патышалар, хандар, сұлтандар, әмірлермен билеушілерде өзімен халқына әулие тұлғаларды яғни алланың достарын пайғамбар жолын үйретер рухани жол басшы етіп ұстайтұғын дәстүр бар еді. Мәселен, әулие сопы Қожа Ахмад Яссауи қазіреті арқылы милиондаған түрік халықтары ислам дініне кірген, Яссауи әулиенің құрметіне Әмір Темір Түркістанда аса алып мақам салып, кесене орнатты; Өзбек ханның әулие ұстазы - яссауи сопылық тәриқатының әулиесіИбн Әбдұл Хамид Бұқари (Зеңгі Ата депте аталынады), Бейбарыс сұлтанның әулие ұстазы - сопы Қызыр бин Аби Бакр бин Муса әл-Адауи, Әмір Темірдің пірі - шайық Мир Саид, Шағатай Барақтан тараған Жүніс ханның ұлы Ахмет Хан (Алаш Хан) және Әмір Темір ұрпағы Әбу Сағид сұлтанның (Бабырдың атасы) әулие пірі - қожа Убайдұлла Ахрар, Шағатай ханы Тұғылық Темірханның әулие пірі - Маулана Аршадұддин еді; ал Османлы Хан-Сұлтандары нақшыбанды тәриқатының сопы әулиелерін пайғамбар жолына жетелер рухани көсем тұтты.

Қазақтың әигілі ханы Қасым Ханның әулие ұстазы нақшбанды сопылық тәриқатының әулиелері еді, ол исламның шәриғатымен сопылық тәриқатының принсіптеріне негізделе отырып «Қасымханның Қасқа Жолын» жасады. Қасымхан қазақ халқындағы үзілген яссауи тәриқатының орнына нақшыбанды сопылық тәриқатын мықтап бекітіп кетті. Бертіндегі қазақтың тақуа ұлы Мәшхұр Жүсіп Көпейұлымен, қытайдағы алтай қазақтарына ислам дінін терең таратқан «қазіреттер» және Ақыт Үлімжіұлы сынды тұлғаларда нақшыбанды сопылық тәриқатының белді өкілдері еді. Қытайдағы әйгілі үлкен молла Ақыт Үлімжіұлы өз жазбасында «біздің алтай (қытайдағы) қазақтары арасына дін таратқан қазірет Мұхаммед Момын Бұхара қаласынан келген нақшыбанды сопылық тәриқатының сопысы еді» деп жазады, кейін бұл сопының ауылы ондағы қазақтар арасында «қазіреттің ауылы» деп аталынған.

Сопылық тәриқаты ислам дінінің жүрегі әрі маңызы болып, сопылық тәриқаттың әулие сопылары арқылы қара ормандай қалың түрік-моңғол хандарымен халықтары яғни өткен ата-бабаларымыз ислам дініне аса молынан кірді. Ислам дінін жүрегіне бекіткен түрік-моңғол хан-сұлтандары ислам дінінің нұрын жердің батысмен шығысына таратты, бертінгі мың жылдықтар бойы түркі-моңғол хандықтары мұсұлман әлемінің тірегі болып алла жолы, пайғамбар аманаты үшін қызымет қылды. Пайғамбармен әулиелердің аты көп аталып, олармен өткен ата-бабалардың ізгілікті істері ұрпақ санасына үзбей айтылып отырса, айтушы қауымға олардың беркесі төгілетін еді. Жалпы орта азядан түріктердің бірнеше ірі толқынды күші исламның туын көтеріп ислам нұрын жердің түкпір-түкпіріне таратқан еді.

Бұндағы бір толқын күш Қазнауи сұлтандары (977–1186) еді. Бұл оғыз түрікзері сұлтандығында Сабұқтегін, Алыптегін, Махмұт және Аяз Би сынды дана тұлғалардың ықпалымен еңбегі зор еді. Олар исламның туын көтеріп аз ғана әскермен алып үнді даласын жаулап, ондағы халықты өзіне қаратты әрі оларға ислам дінін таратты, осылайша олардың қолынан сан милиондаған үнді жұрты исламға кірді. Бұл күндері саны неше жүз милион үнді мұсұлмандарының пайда болуы, осы мүбарак түрік сұлтандарының алла жолында шын жүрекпен еткен қызметтерінің жемісі болатұғын. Кеиінгі алтынорда хандары да ислам дінін мемлекет діні етіп, ислам дінінің ұрығын, шығыс европа, москуа, киев, балқан, сібір даласына дейін септі. Ал бұл хандықтардан бұрынғы Қара Ханид хандығының ислам дінін түркілер арасына таратуы өзі бір бөлек үлкен уақиғалар еді. Тәрихи деректер Қара Ханидтан бұрынғы ислам дініне кірген көптеген түркілердің Мұсұлман Халифатында өте үлкен әскери шендерде болып, Халифаттардың ірге кеңейту жорықтарында алғы шебінде өте сәтті жеңістерге қол жеткізгендігін және оларға қызмет еткендігін айтады.

Енді бір толқынды күш қытай еліне исламның нұрын апарды. 1080-жылдар бүгінгі өзбекстанның Бұхара қаласынан Әмір Сейд атты бек қытайдың сұң империясының шақыртуымен ілгерінді кейінді 20 мың мұсұлманды орта азядан қытайдың бұгінгі пекин қаласының жанындағы өңірлерге орналастырады. Бұлар кейін ондағы жергілікті қауымның қыздарымен үйленіп, қытай елінде ислам дінін таратқан ең ірі топ болады. Амір Сейд кейін тәрихта «қытай мұсұлмандарының атасы немесе тұңгендердің атасы» деген лақаппен қалды. Осы секілді Құбылаймен Мөңке ханның заманында да көптеген орта азядағы түрік, парыс және араб сынды жұрыттардан неше мыңдаған мұсұлмандар қытайдың Юүннан қатарлы өңтүстік өлкелеріне ел басқаруға жіберілді, олар онда бара салысымен ислам дінін оңтұстіктегі қытай халықтары арасына көптеп таратты, милиондаған қытай мұсұлмандар жамағаттарын құрды, олардан шыққан әулие сопылардың мақамдары көне тәрихтың куасындай күні бүріне дейін бұл өңірлерде әлі қасқайып тұр. Мәселен, қытай тәрихындағы ең әйгілі теңіз саяхатшысы Жың Хы болса, Құбылай Хан тұсында қытайдың Юүннан өлкесін басқарған Бұхаралық мұсұлман Қожа Шәміс Омардың (пайғамбар ұрпағы) тіке ұрпағы әрі мұсұлман. 17-ғасырда өмір сүрген Қашқардағы ұйғырдың әулие сопысы Аппақ Қожаның ұйғырларға ықпалы аса зор болды, ол ұйғырлардан тыс қытайдың Миң Имериясындағы Гансу және Шиңхай қатарлы өлкелерге сапарлап нақшыбанды тәриқатын таратады, түңгендер арасында үлкен жамағат қалыптастырады, ондағы дәстүрлі түңген мұсұлмандары осы күнге дейін осы нақшыбанды тәриқатының тармақтарын ұстанады. Кері шегінсек, сонау 7-9-ғасырлардағы таң империясы тұсындада орта азядан көптеген мұсұлмандар ішкі қытайларға жіберіліп онда ислам дінін кеңінен таратты, бұлар қытайға ең алғаш дін апарған орта азялықтар еді. Осы ислам діні жолындағы тәрихи әрекеттердің нәтижесінде бүгінгі қытай еліндегі 20 милион түңген халқы қалыптасты.

 

Тағы бір толқын Алып Арслан Сұлтан бастаған Селжүқ түріктерімен олардың мұрагері Османлылар еді, бұларда орта азядан батысқа кеткен оғыз түріктері еді. Алып Арслан Сұлтан исламның туын көтеріп анадолы, рум (византия), грекия қатарлы кіші азямен шығыс европа өңірлеріне кетті. Олар онда ислам дінін алла қалауымен жеңіске жеткізіп милиондаған жергілікті халықтарды ислам дініне кіргізді. Османлы туысында олар ислам дінін сонау андалусиядағы Испания, Португалия елдеріне дейін апарып, ол елдерде мұсұлмандық салтанатын орнатты. 700 жылдай билік құрған мұсұлмандардың соңғы халифаты Османлы Империясын құрды. Османлы Империясы құламай тұрған кезде, әр жердегі мұсұлмандардың абыройы өте жоғары болып, зор құрметке ие қауым еді, ешқандай ел мұсұлмандарға зулымдық жасауға батына алмайтын, қолы бармайтын-ды.

Соңғы толқын Әмір Темірдің ұрпақтары мен Моғолстандық түрік-моңғолдар еді. Олар үнді даласына ислам туын екінші рет көтеріп барған орта азялықтар еді. Бұлар барған соң үнді даласында әйгілі Мұғал Империясын құрып, ислам дінінің ықпалын онан арман асыра түсті, дүниедегі ең бай, руханияты күшті мұсұлман елін құрды. Сонау шығыс оңтүстік азяда өмір сүретін малай халықтары (Индонезия, Малайзия) осы Мұғалдардан және Османлылардан ислам дінін алып, өз елдеріне таратты. Көптеген Мұғалдық және Османлылық шайқы сопылар шығыс өңтүстік азя елдеріне ислам нұрын тарату үшін жіберіліп отырды. Бұл елдер қазіргі күнде жан саны ең көп мұсұлман елдері саналады.

Солтүстік африкада яғни мысыр елінде 300 жылдай билік құрған Мамұлік Сұлтандарыда ислам діні үшін орасан зор еңбек еткен түркілердің тағы бір сұлтандығы еді. Мамұліктерде жалпы 53 сұлтан билікте болып, оның ішінде 25 сұлтан тегі орта азялық түріктерден (қыпшақ және түрікмен) шықса, 25 сұлтаны капказдық шеркестерден еді, ал қалған үш сұлтан ғана жеке-жеке араб, моңғол және гіректен шыққан. Мамлұктер батыста христан кіресітшілерін талқандап, ислам дінінің бұл өңірлерде аса еркін түрде тарауына мүмкіндік берді, сонымен бірге жоғарыда айтқандай, олар алтын орда ханы Берке Ханмен бірлесе отырып, Хұлагу моңғолдарын жеңеді. Мамұліктер ислам дінінің Африка құрлығыдағы шам-шырағы әрі қорғаушысы іспеттес еді.

 

Қыпшақ, сібір және моғолыстан даласында да түрік-моңғол хан-сұлтандарының да осы тектес ғазауат жорықтары 17-ғасырға дейін бір толастап көрмеді. Мұндағы аса көрнекті тұлғалардан Өзбек Хан, Тұғылық Темір және  Әмір Темір болатын. Өзбек Ханның әулие пірі Ибн Әбдұл Хамид Бұқаридың (Зеңгі Ата) еді, оның тұсына қыпшақ-арқаны жайлаған түрік-моңғол тайпалары түгел дерліктей осы әулиенің қолынан ислам дініне кіреді, кірмей қойған аз бөлім жұрытты Өзбек Хан «қалмақ» деп атады, содан бастап сахарада дінге кірмей қалған моңғол тайпалары «қалмақ» аталынды яғни дін исламға кірмей өздерінің бұрынғы көне шаман-тәңір дінінде қалып қалғандар дегені еді. Зеңгі бабаның кеңесімен қыпшақ даласындағы көшпенді тайпалардың көбі Маураннахыр Түркістанға көшіп келіп, осы араға қоныстанды, олар 92 баулы өзбек елі яғни 92 рулы өзбек жұрты деп аталынып кетті. Олар қыпшақ даласынан келгенде Яссауи сопылық тәриқатында болып, жергілікті Маураннахырлық түріктермен сәл парықталынып тұратын. Уақыт өте келе олар Маураннахырдағы басты тәриқат нақшыбанды сопылық тәриқатына да ере бастайды. Өзбек Ханмен оның ұлысы жайлы көптеген деректер «Зеңгі Ата немесе Сәид атаның мұқауыты» деген көне еңбекте егжей-тегжеилі жазылған.

Шағатай ордасында, Шағатайдың ұрпағы Тұғылық Темір сұлтанның әулие ұстазы Маулана Аршадұддин арқылы моғолыстандағы моңғолдар 1347-жылы жаппай ислам дініне кіреді. Маулана Аршадұддин да тегі Бұхаралық сопы болып, бүгінгі қытайдағы Шыңжаң өлкесінің Кұшар қаласына келіп орналасқан, оның әсерінде Шағатай ордасында үлкен ислам орталығы қалыптасып, сұлтан айналасындағылар дерліктей ислам дініе өте бастайды, қазір бұл әулиенің мақамы сол Кұшар қаласында. Шағатай ордасындағы тағы бір өте маңызды тұлға Уәйіс Ханның әулие пірі нақшыбанды сопылық тәриқатының әулиесі Мұхаммад Кашани еді. Уәйіс Хан ойрат-қалмақтарға көп рет қазақшылық (ғазауат жорығы) жасап, ең соңында ойраттың Есен Тайшысын ислам дініне кіргізеді. Есен Тайшы ойрат-қалмақтардың әйгілі тайшысы болып, Құбылайханнан қалған солтүстік Юан Империясын перде артында билейтін еді, ол 20 мың атты әскермен қытай Миң Империясының 500 мың қолын жеңіп, Миң Императоры Жу Чижанды тірідей қолға түсірген. Уәйіс Ханның ойраттармен болған аңызға бергісіз күрес ерліктері көне баяндарда жақсы естелікке алынған. Ислам діні үшін аянбай еңбек еткен Шағатай хандары Уәйыс Хан, Тұғылық Темір сұлтанның және Шағатай Ханның уәзірі әулие Жұсіп Сакакидің мақам-мазарлары бұл күнде қытайдың Шыңжаң Ұйғыр өлкесі Іле Қазақ аймағы Құлжа өңірінде әлі бар әрі оларды қытай мемлекеті көне мұрағаттар ретінде арнайы қорғауға алған. Құлжадағы Уәйіс Ханның мазарына бертінге дейін Құлжа өңіріндегі Қазақтардың игі-жақсылары жерленетін. Бұл өңірлерге Шығысхан дәуірінен бұрынғы Қара Қанид хандығы кездерінде Бұхарадан әулие сопы шайқылар келіп ислам дінін таратқан, олар әсіресе Хотан өңірінде мың жылдан бері салтанат құрып келген бұдда дінінің тамырын түбірімен қиып кеткен еді.

 

Қазақ хандығының алғашқы жылдары өмір сүрген, күллі сахараға аты мәшхұр шағатай-моғолыстан ханы Алаш Ахмет Хан қырғыздарды сібір енсейден орта азяға көшіріп әкеліп, оларды ислам дініне кіргізді. Алаш Ахмет Ханмен (? - 1503) оның ұлы Мәнсұр Ханның (1482–1543) арманы қазақ, қалмақ (моңғол), сарыт (моғолстан жұрты), өзбек, ноғай, қырғыз секілді бас-басына би болып, бөлек-бөлек жүрген осы алты ұлысты яғни бауырлас алты жұрытты бір тұтас біріктіріп ислам дініндегі алып ел құру болған еді яғни Шыңғысхан заманындағыдай бір тұтастықты қайта қалпына келтіру. Бұл алты ел кейін Алты Сан Алаш немесе Алты Алаш деп аталынды. Алайда олардың арманы орындалмады, дегенмен «іс ниетке қарай» қағида бойынша, бұл да бір біткен игілікті іс болатұғын. Ахмет Хан жетісуға ентелеп баса-көктеп кіріп алған шаман-тәңір дінді қалмақ-ойраттарды жеңіп, қыпшақпен жетісу өңірлерін олардан ада етеді. Алаш Хан қазақпен моғолстан сарбаздарынан құралған қалың қолды бастап ойрат-қалмақтарға бірнеше рет жеңісті ғазауат жорығын (қазақшылық) ашып, оларды оңдырмай қырғындайды. Ахмет Ханнан қатты қорыққан қалмақтар оны Алаш Хан деп атапты, бұнысы олардың тілдерінде «жан алғыш хан немесе қырғын хан» дегені екен, содан бастап Ахмет Ханымыз Алаша Хан атанып кетіпті, «алаш, алаш ... » деп әруақтаның ұрандау қалмақтарға қарсы ұрыстарда ұранға айналыпты. Бұндағы Алаш Ахмет Ханның басты мақсаты - сахарадағы дәстүрлі шаман-тәңір дінді ойрат-қалмақ халықтарын ислам дініне кіргізу әрі өзі басқарған өңірлерде сенімдік бір тұтастық орнату. Алайда бұл қалмақ-ойраттар 17-ғасырдың орта шендерінде дерліктей тибеттік бұдда дініне өтіп кетті. Деректер бойынша Алаш Ханның әулие пірі әулие Убайдұлла Ахрар, бұл әулие кісі нақшыбанды сопылық тәриқатының 20-әулие пірі еді. Алаш Ханның әрекеттеріне ұқсас әрекеттерді шағатай ханы Алаш Ахмет Ханның атасы Уәйіс Ханның (? - 1429) жеке өмір кешірмелерінен де көріп алуға болады.

Хорасан, Иран, Ирақ және батыс азяны қамтыған алып өңірді билеп жақтан Хұлагу Ханның Елхан ордасында алғашқы жылдары жылдары ислам дініне деген қатаңдық өмір сүрді. Тіпті Арғын Ханның тұсына барғанда Елхан ордасында еврейлер басымдылыққа шығып, олар мұсұлман әмірлерді ордадан қуғындап, ордада ешқашан мұсұлман әмір болмау керек деген ұкім шығарады. Осыдан соң Елхан ордасында моңғолдардан тыс еврейлермен қытайлар басымдылыққа өтеді. Еврей уәзірлер Арғын Ханды Меккедегі Қағбаны қиратып, оның ішіне бұдда мүсінін орнатуға айтақтайды, артынан су бүркеді, Арғын Хан қағбаны қиратуға бел байлайды, бірақ осы шешімді қабылдасымен Арғын Хан тұйысқсыз емі жоқ жаман сырқатпен ауырады. Кейінірек еврей ақылшылардың тым шектен асып бара жатқанын байқаған ордадағы моңғол әмірлер еврей ақылшыларды қырып салып, орда ісінде еш еврей қалдырмай қуалайды, орнына мұсұлман уәзірлер кіре бастайды. Осылайша, ислам діні бұл өңірлерде қайта жанданады. Хұлагу Ханның Текедұр атты баласы алғаш ислам қабылдаған хан еді, одан кейін Ғазан Хан болатын, сонымен олар біртіндеп мұсұлмандана бастайды. Елхан ордасында ислам дінінің моңғолдар арасына көптеп үлес қосқан ойрат руынан шыққан әмір Науырыз Ғазы еді, ол кезіндегі Өгедай қағанның оң қол уәзірі ойрат Арғын Ағаның ұлы болатын, Науырыз Ғазының ықпалымен Ғазан Хан исламға кіреді, Ғазан Ханның исламға кірген куәсі ретінде Науырыз Ғазы орнатқан «наурыздың ақ мәрмәр баған тасы» Грузия еліне орнатылған екен. Ғазан Ханның исламға кіруі моңғолдармен басқа діндегілердің көптеп исламға кіруіне себепші болады. Деректерде Елхан ордасына наразы болған 20 мың ойрат руының сарбаздары мысырдағы Мамүліктерге барып қосылғанын, онда ислам дінін қабылдағанын әрі олардың Мамүліктермен бірге Хұлагу ордасына қарсы жорыққа шыққанын жазады. Уақыттың өтуімен Елхан ордасыда бүккілдей мұсұлмандасып, хандары қайтыс болса, қабырларына ашық әшкере жерлей бастайды, одан бұрын олар хандары өлсе ешкімге білдірмей құпия жерге жерлейтін еді. Жылнамалар олардың осы өңірлердегі Қаландыр сопылық тәриқатының ықпалында болғанын айтады.

Түйіндей келе, сайып қыран Әмір Темірдің қытайды қамтыған шығыс азяны ислам дінді ел етпек болып қытайға жорыққа аттанғанда алла қалауымен мақсатына жете алмай жолда тұтқиыл опат болуы, Османлы сұлтандары Баязитпен Ыстамболды (Исламбол - Конистантина) христан әлемінен тартып алған әйгілі Сұлтан Мехмет Фатықтың европаны ислам дінді құрлық етпек болып жорыққа аттанғанда Баязиттің Әмір Темірге қолды болуымен Сұлтан Мехмет Фатықтың Әмір Темір сияқты 49 жасында жолда қайтыс болуы сынды уақиғалардан түрік хан-сұлтандарының қамшының сабындай ғана қысқа өмірде, көптеген ұлы істерді істемек болған асқақ армандарын көре аламыз. Қытайды билеген кейбір мұсұлман моңғол хандарыныңда қытай елін мұсұлман ету істеріде жүзеге асқан жоқ. Жердің батысымен шығысын мұсұлман ету ісі бұл хан-сұлтандардың еншісіне бұйырмағанымен, олар өздерінің жақсы ниеттерін әйгілеп кетті. Көне дәстүрлі айтылым бойынша, жер бетіндегі күллі адамзаттың барлығын мұсұлман етіп, жеті құрлықта бір ғана дін ислам дінін орнату ісін алла тағала болашақта келе жатқан қазіреті Махдимен қазіреті Иса пайғамбардың еншісіне бұйырған, олардан басқа ешкім бұл міндетті орындай алмайды делінген.

 

Өткен тәрих жылнама-деректері мұсұлман әлемінде сопылық тәриқаттың ықпалы аса зор болғанын айғақтайды, алайда өткен 20-ғасырдың басынан бастап адамзатқа жаппай тарала бастаған комминизим, материялизим, әтеизім, секуларизим, жахандану, уахабизим-салафизим, демократизим, батысқа еліктеушілік, егоизим (нәпсішілдік)сынды сан түрлі идологиялық бағыттардың себебінен, мұсұлман әлеміндегі дәстүрлі жолдар, ислам және ондағы сопылық тәриқатта  көмескілене бастады. Бұл идологиялық   дауылдар тек мұсұлман әлемі ғана емес, басқа елдердің де бұрыннан келе жатқан дәстүрлерінде ұшырып әкетті, жойып жіберді. Орта азямен қазақ жерінде комминист кеңестік жүйенің орнауымен ислам діні сопылық тәриқаты біртіндеп әлсіреп кетті. Алайда, осылай бола тұра, сопылық тәриқат мың жылдықтардан бері қазақ халқының ата-бабаларының күнделікті тұрмысымен етене біте қайнасып кеткендіктен, сопылық тәриқаттың көптеген әдептерімен елеменіттері қазақ халқының тұрмыстық-салыттық дәстүрлерімен ырым-тиымдарынан молынан кездеседі.

Жоғарыда біраз ғана деректер келтірілді, орта ғасырдың арғы-бергі жағындағы орта азядағы түрік-моңғол хан-сұлтандарымыздың, ата-бабаларымыздың алла жолында хақ дін исламды күллі әлемге таратып, мұсұлман әлеміне еткен қызметтері жәйлі әңгімелер өте көп, олардың үн-түнсіз еткен еңбектерін тізе берсек, онымыз үлкен-үлкен том кітаптардың жазылууна дәнекер болары сөзсіз.

Жолдасбек Нұрсұлтан

 

Пайдаланған еңбектер:

  1. «Еуро-Азядағы Түркілікпен Шығыстанымы Жайлы Зеріттеулер», Тұрғай Көккөз, Ыстанбол Университеті.

  2. «Нақшыбанды Сопылық Тәриқаты - Алтын Тізбек Шежіресіндегі Әулиелер және Тәрихы», Хишам Қаббани, АҚШ.

  3. «Өмірдің Каусар Бұлағынан Келген Шық Тамшылар», «Парасат Мүршит Пірлерінің Тәрихы», Әли Йбн Хұсайын Сафи.

  4. «Орта Азядағы Хикіметті Даналалық Иелері», Хасан Шухұд.

  5. «Хикімет Пірлері», Жон Беннет, Лондон.

  6. «Түрік Шежіресі» (1838-жылғы Лондон Нұсқа - Аударма), Ж. Нұрсұлтан.

  7. «АҚЫТ ҚАЖЫ ҮЛІМЖІҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ БАЙЛАНЫСЫ МЕН ДІНИ АХУАЛЫ», Бақытжан Сатершинұлы.

  8. «Хаққа Қызмет Еткендер», Мехмет Әділ, Ыстанбол.

  9. «Шығыс Өңтүстік Азямен қытайдағы Ислам Тәрихы», Тан Та Шың.

  10. «Парыс Тәрихы - Оксфорд Қолданылмалы Кітабы», Оксфорд Университеті Баспасы.

  11. «Исламның Қытайға таралуы», Жин Ижиу.

  12. «Бабырнама», Захыруддин Мұхаммад Бабұр.

  13. «Тәрихи Рашидади», Мұхаммад Қайдар Дұлати.


 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости