Трамп пен Путин кездесуі алдындағы сөзтартыс: Зеленский басқыншыларға жер бермейтінін айтты

Кәмшат Тілеухан 12 авг. 2025 11:36

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамптың Ресеймен "кейбір террияториялармен алмасу" туралы ұсынысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

NBC News-тің хабарлауынша, Зеленский Трамптың Truth Social желісіндегі Ресей президенті Владимир Путинмен көптен күткен кездесуі келесі жұмада Аляскада өтетіні белгілі болған кейін жариялаған жазбасына қатысты пікір білдірген.

"Украина территория мәселесі бойынша ел Конституциясына сүйене отырып, баяғыдан қойған. Ешкім одан тартынбайды да шегіне де алмайды. Украиндықтар өз жерлерін басқыншыларға бермейді", - деп жазды Зеленский Telegram-дағы арнасында.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп кеше Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен алдағы кездесуі түпкілікті емес екенін айтты.

Сондай-ақ:

  • Трамп Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды айтатынын жеткізді. "Сонымен, мен Владимир Путинмен сөйлесіп, оған: "Сіз бұл соғысты тоқтатуыңыз керек, оны аяқтауыңыз қажет", деп айтамын", - деді ол.
  • Трамп келіссөздер барысында Ресей мен Украина арасында территориялармен алмасу болатындығына сенетінін растады.
  • Сондай-ақ ол Аляскада Владимир Путинмен кездескеннен кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Трамп Зеленскийдің кездесуге қатысуы мүмкін екенін мойындады.
  • Трамп Мәскеумен арада сауда қатынастарын қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретінін атап өтті және "Ресей Федерациясы өте құнды жер ресурстарына ие" деп сөзін толықтыра кетті.
  • Трамптың айтуынша, ол кездесудің алғашқы минуттарында-ақ Украина бойынша мәмілеге келуге болатын-болмайтынын түсіне алады.

Айта кетсек, Киев тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 10 тамызда Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына сөзсіз мүдделі екенін жеткізді.

Атап айтқанда, Президент Астананың әуел бастан әділдік негізінде бейбітшілік формуласын бірлесе іздеуді жақтағанын, БҰҰ Жарғысын, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қолсұқпаушылық қағидатын сақтау туралы жүйелі түрде пікір білдіргенін еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргідей өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды.

Мемлекет басшысы тараптар "Жанжалдан, жаман болса да бітім артық" деген көнеден келе жатқан даналыққа сай әрекет етуге тиіс деп санайды.

Қазақстан Президенті территориялық түйткілдің күрделі екенін түсінетінін айтты. Бұл – халықаралық қатынастардағы ең қиын мәселе. Көбіне бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізу, тіпті бітімге келу жолында еңсерілуі қиын кедергіге айналады. Бірақ қазіргі ең басты міндет – қауіпсіздігіне халықаралық кепілдік беру арқылы Украина елінің мемлекеттілігін сақтау.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Украинамен өзара мүддеге сай келетін түрлі салада белсенді ынтымақтастық құруға ниетті екенін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости