Детройттағы автосалонда танымал бизнес-седанның соңғы америкалық үлгісі таныстырылды, деп жазды Kolesa.kz.
Toyota Camry көлігінің сегізінші буыны алдыңғысына қарағанда едәуір агрессивті көрінеді. Алайда, дизайны түбегейлі өзгерді деу қиын. «Камридің» көлемі ұлғайған. Енді көліктің ұзындығы 4 859 мм болады, ал биіктігі бұрынғысына қарағанда 25 мм-ге төмендепті.
АҚШ-та бұл көлік биылғы жылдың жазында сатыла бастайды. Ал Қазақстанда сатылатын көліктің еуропалық нұсқасы көпшілікке қашан көрсетілетіні белгісіз.
https://www.youtube.com/watch?v=lm46oa8Q-pk
Дереккөзі: Baq.kz