Тоқаевтың жолдауы: Бектенов цифрландыру саласында бірқатар тапсырма берді

Сағыныш Сардарова 10 сент. 2025 09:29

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен цифрлық штаб отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық саласын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуға тиіс", - деді Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешім қабылданған.
 
Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берді:
  • 15 қарашаға дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізе отырып, отандық стартаптардың шешімдерін енгізу;
  • 20 желтоқсанға дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру;
  • 1 желтоқсаннан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
  • 20 желтоқсанға дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмысын қамтамасыз ету.

Еске салайық, 8 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттыратынын мәлімдеді. 


Рекомендовать
Последние новости