Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ сапарынан кейінгі жоспары белгілі болды. Жұмыс кестесін Ақорда жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- 26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді.
- 27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.
- 29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия Президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.